Онлайн газет



ІС - ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Түймекент орта мектебінде «Педагог новой формации в условиях обновленного образования» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі апталығы және ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. Әсіресе, 4-сыныптар арасында «Времена года» тақырыбында  Женіс Шалимбетова  мен Балжан Касымова, Людмила Жельвистің өткізген дәрістері  маңыздылығымен дараланды. Сонымен қатар, 8-сыныптар арасында ұстаздар Оразбаева Фарида, Джылысбаева Гульоз,Тульчикова Олмагул, Галия Курбаниязова ұйымдастырған «Лучше всех» байқауы мазмұндылығымен айшықталды. 5-10-сыныптармен «Но жив талант, бессмертен гений!» тақырыбындағы әдеби кеште оқушылар белсенділік танытты. Бұл жерде  ұстаздар Тульчикова Олмагул, Курбаниязова Галия, Сартаева Гульвира, Любовь Гавриленконың еңбегін атап өткен абзал. Сондай-ақ, 1-11-сыныптар арасында «101 сөз» тақырындағы  шараны Рәпілбекова Мақпал, Бекниязов Асылбек, Зейнеп Асланова, Бекниязов Тимур, Индира Журманова, Сымбат Альханова  қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырса, «Формирование функциональной грамотности на уроках  русского и английского языка» атты семинарды ұстаздар Сартаева Гульмира, Телибаева Гуларман мен Сайлова Айгул, «Жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру» тақырыбындағы семинарды  Кудербаева Рабиға, Омашев Бауыржан, Бекниязов Тимур  өткізді. Сонымен қатар, Лессин стади бойынша мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибелерімен өзара бөлісті.

Улбике Керимкулова,
Түймекент орта мектебі директорының оқу - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

Обновлено 08.01.2019 10:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1831
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5972
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31539
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202269

Серіктестер