Онлайн газет



“ЖОМАРТ ЖҮРЕК” АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақ халқында «Жақсылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген даналық сөз бар. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей, балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу-әрбір адамның азаматтық парызы.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жан-жақты жүзеге асыру мақсатында, Сазтерек ауылдық округінде орналасқан "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында қайырымдылық кеші болып өтті. «Жомарт жүрек» деген атаумен өткен іс-шара «Жан жылуы» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Аталмыш бөбекжай-бақша ұжымының ұйытқы болуымен өткізілген кеште жеке кәсіпкерлер Элбрус Бейсбеков, Алмаз Тилепалдиев, Мақсат Рапилбеков, басқа да мейірімді кәсіпкерлер бөбекжай-бақшадағы көп балалы отбасы балаларына кыстық киімдер мен аяқ киімдер алып беріп, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж жандарға қол ұшын созды. Жүректеріне жылулық сезімін сыйлады. Міне, дәл осындай игі істер өскелең ұрпақтың санасына қайырымдылық пен бауырмалдық ұғымдарын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.
Тағылымы терең іс-шарада бақша меңгерушісі міндетін атқарушы Раткүл Өмірзақова акцияның маңыздылығына тоқталды. Кеш барысында Амантай Таңаттың орындауында "Тұлпарым", "Ботақан" тобының әуеле салған "До-ре-ми", Серік Айдана орындаған "Тәрбиеші" әндері мен "Қарлығаш" тобының "Қол шатыр", "Қырманға кел", "Вальс" билері көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.
Қашанда бекем бірлік пен ымыралы тірліктің арқасында кез-келген қиындықтың құрсауынан құтыла білген дана халқымыз ата – баба дәстүрінен еш жаңылған емес. Қайырымды жандардың қолдауымен өткен кеш соның бір айғағы.

Айжан САГИНБАЕВА,
“Айгөлек” бөбекжай-бақшасының педагог-психологы.



Обновлено 08.01.2019 10:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін790
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада790
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12091
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1002040

Серіктестер