Онлайн газет



АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ


Ағымдағы жылғы маусымның 24-і мен 28-і күндері аралығында Ташкент қаласында армрестлингтен Азия чемпионаты өтіп, онда 350 спортшы бақтарын сынады. Аталмыш чемпионатта біздің ауданның намысын №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қорғады. 
Жарыс қорытындысында 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Айдана Аманкелдиева оқушылар және жастар арасында жеңістің биік тұғырына көтеріліп, бірінші орынды иеленді. Айдана қазіргі уақытта колледждің екінші курсында білім алуда. Сондай-ақ 50 келіде өнер көрсеткен ЖГТУ-дің бірінші курс білімгері, жерлесіміз Лаура Каримбаева қарсыластарынан айласын асырып, бірінші орын иегері атанды.
Сонымен бірге, осы чемпионатта 60 келі салмақ дәрежесімен күш сынасқан Абай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жеңісбай Әділет пен С.Абланов орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нарип Әсел  жүлделі екінші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Ол мүмкіндігін 80 келі дәрежесінде көрсетті.
Аудан намысын қорғап, Азия чемпионатында топ жарған спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Ильяс Жансақаловтың еңбегін ерекше атап өтуге тұрарлық.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін331
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6348
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31915
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202645

Серіктестер