Онлайн газет



БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасы өкілдерінің ұйытқы болуымен әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға және аудан бойынша жеке кәсіпкерліктер, шаруа қожалықтар мен мемлекеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылды.

Аталмыш шараны аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ақбаев ашып, шараның басты мақсатына тоқталып, қазіргі таңда, ауданда он екі мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос тұрғанынын айтты.
Жәрмеңке барысында сөз алған аталмыш басқарманың бас маманы Зарина Оразбекова мемлекеттік қызметкер болғысы келетін жастарға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңды, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс қағидалары жөнінде кеңінен түсінік берді.
Бұдан кейін үміткерлер бос жұмыс орындарын ұсынып отырған мекеме өкілдерімен жүздесіп, өздерін толғандырған сауалдарға жауаптар алды.
*    *    *
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының өкілдері Зарина Оразбекова және Фариза Тулентаева мемлекеттік қызметті оңтайландыру және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиынға қатысушы мемлекеттік қызметшілер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Нұрбек Сүгірбеков.

Обновлено 10.12.2018 11:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1629
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5770
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31337
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202067

Серіктестер