Онлайн газет



Елбасы – ел тірегі

Бүгінгі таңда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделі артып, тәуелсіз қазақ елін әлемге танытып, халықты жарқын істерге жұмылдырып, қоғамдағы татулық пен келісімді  нығайтуға қосып отырған үлесі ұшан-теңіз.
Елбасының ерен еңбегі мен қайраткерлік қабілетін жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында Абай атындағы орта мектептің 2«ә» сыныбының жетекшісі Гүлжан Жуманованың ұйытқы болуымен «Елбасы - ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатында оқушылар Президент тұлғасына суреттеме жасады. «Шығармашыл тұлға – Елбасы» бөлімінде Елбасының Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуына қосқан еңбегі айтылды.
Сонымен қатар, Гүлжан Әбділқызы оқушыларға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегін ұлықтайтын 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызы туралы кеңінен ақпарат берді.
Ашық тәрбие сағатының соңында оқушылар “Жаса, Қазақстан!” әнін хормен айтып, Елбасының  “Үшқоңыр” әнінің әуеніне вальс биін биледі.

Өз тілшіміз.

Обновлено 10.12.2018 11:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін207
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5858
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1765
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253434

Серіктестер