Онлайн газет



Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен аудан тұрғындарын құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінде жаңа тұрпаттағы жасампаз Қазақ елінің жаңғыруынан бастап, мемлекеттік даму жолындағы табыстар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты мен әрбір қазақстандықтың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде келді. Сондықтан бұл мереке – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы зор, тарихи тағылымы терең мейрам.
Бүгінде тәуелсіз елімізде саяси-экономикалық және әлеуметтік реформалар табысты жүзеге асырылып келеді. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты.
Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан игі бастамалар мен ауқымды реформалар жемісін беріп, мемлекетіміздің мәртебесін биіктете беретін болады.
Тұңғыш Президент күні мерекесі – өрлеудің, өркендеудің, жаңғырудың, жаңашылдықтың өлшемі.Ұлтты қастерлеудің, ұлыны ұлықтаудың ұлағаты. Мемлекеттік мерекеге айналған маңызды күн ұлттық рух пен сенімді нығайтады, отандастардың зияткерлік пен жасампаздық күш-қуатын озық реформалар мен өзгерістерді жүзеге асыруға жұмылдырады.
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Көпұлтты және қуатты Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Обновлено 04.12.2018 10:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін534
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9556
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5463
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257132

Серіктестер