Онлайн газет



Мерейлі мереке салтанаты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде өтті. Алдымен жиналған қауым Елбасының өмірге келген сәті мен балалық шағы туралы шағын көріністі, қазақ елін әлемге танытудағы еңбегі жөніндегі фильмдерді тамашалады.

Еліміздің Гимні орындалған соң, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев көпшілікті атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы терең екендігіне тоқталды. Тəуелсіз, қуатты  мемлекет қалыптастырған Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың елімізді әлемге танытудағы ерен еңбегі, Елбасының қайталанбас тұлғасы жөнінде, сондай-ақ,  айтулы мерекені  толымды табыстармен қарсы алып отырған аудан халқының жетістіктері туралы баяндады. Әлем мойындаған ұлы тұлғаға деген халықтың құрметі  ешуақытта толастамайтындығын атап өтті.
Бұдан соң өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарға түрлі деңгейдегі марапаттар табысталды.


Салтанатты шара соңында Президенттің төл шығармалары орындалып, патриоттық тақырыптағы әндер шырқалды.
Мұндай  іс-шаралар барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 04.12.2018 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін49
mod_vvisit_counterКеше395
mod_vvisit_counterОсы аптада829
mod_vvisit_counterӨткен аптада3744
mod_vvisit_counterОсы айда9977
mod_vvisit_counterӨткен айда15648
mod_vvisit_counterБәрі933303

Серіктестер