Онлайн газет



Ел мен Елорда

Ұлы істер жайлы ғасыр толғайды
Ұлы істі ұлы халық қолдайды.
Ұлы елді ұлы Ерлер қорғайды,
Ұлы ерді Ұлы дала сомдайды.
Астанасыз іргелі ел болмайды.

Астанамен елім дағы ерікті,
Астанамен жерім дағы көрікті.
Астанамен асқақ рух келіпті,
Астанаға аспан нұрын төгіпті.
Азат елге ғажап сыйын беріпті.

Жотасында жосылдырған киікті,
Дархан далам салқам төсін иітті.
Бірлігімен бағындырар биікті,
Тұтастық пен татулыққа ұйытқы,
Мәртебелі Астанамыз сүйікті.

Ерлігің мен елдігіңнен нәр алып,
Кеңдігіңмен, кемелденіп даналық,
Құлақ түріп кеңістік пен аралық
Ағылады жақсылық пен жаңалық,
Астанадан төрт құбылаға таралып.

Астанамен ардақтысың ұлықсың,
Татулықпен  тартымдысың тұнықсың.
Әз халқымыз әрбір істе біріксін
Бірлікпенен тірлігіміз шынықсын,
Нұрлы Астана жүрегінен жыр ұқсын.

Бақ пен ырыс құт орныққан жердегі,
Берекемен мереке де елдегі,
Белгілі ердің ерлігімен келгені..
Ел болмаса жанбас Ердің еңбегі,
Жоғалмасын Ердің орны төрдегі.

Көзбен көріп Ғасырдың шын ғажабын,
Ғалам жұрты аударғанда назарын.
Сан шайырлар арнаған жыр-ғазалін,
Әлемге әсем айшықтаған ажарын
Астанаңмен азат елсің Қазағым.

Жанатбек Тұрғынбаев,
Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін33
mod_vvisit_counterКеше627
mod_vvisit_counterОсы аптада1682
mod_vvisit_counterӨткен аптада3329
mod_vvisit_counterОсы айда9632
mod_vvisit_counterӨткен айда12548
mod_vvisit_counterБәрі1027664

Серіктестер