Онлайн газет



Ел тілегі, ел тірегі– Елбасы

Қолайлы өмір жолын сілтеп қоғамда,
Керек кезде барған батыл қадамға.
Қазақстан қай биікке шықса да
Елбасының қолтаңбасы бар онда.

Ту астына жиып тұтас бар ұлтты,
Кемеңгерлік көсемдігін танытты.
Нұр ағамыз нұрлы жолда тербетті
Бейбітшілік бесігімен халықты.

Жылы жүрек, ақыл, қайрат жолдасы,
Осылармен артық тұр ғой ер бәсі.
Көк байрағын тік көтерген қазақтың
Ел тілегі, ел тірегі – Елбасы.

Мойындатып ақылымен шет елді,
Еліне еткен еңбегі шын өтелді.
Бірлігін мол нығайтумен Алаштың
Тірлігін сол туған елдің көтерді.

Татулықтың еселеумен тұнығын,
Ұлы істерді атқарып жүр ұлығым.
Парасатпен пайымдасақ тереңдеп
Елбасы мен қазақ деген бір ұғым.

Артта қалып қиындық пен азап - мұң,
Нұрсұлтанмен туды бізге ғажап күн.
Жасай берсін, елі сүйген Елбасы
Маңдайына біткен бағы Қазақтың.

Шыңғыс Кенжалиев,
Сарыкемер ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін32
mod_vvisit_counterКеше627
mod_vvisit_counterОсы аптада1681
mod_vvisit_counterӨткен аптада3329
mod_vvisit_counterОсы айда9631
mod_vvisit_counterӨткен айда12548
mod_vvisit_counterБәрі1027663

Серіктестер