Онлайн газет



Елбасы - елдің тұтқасы

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ КСР  Президентінің  жалпыхалықтық сайлауы өтті. Осы сайлауда  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан  ел Президенті болып сайланды.
Одан кейін небәрі 15 күн өткенде Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды.Осылайша қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат  етті.

“Біздің аталарымыз қазіргі Қазақстандай ұлан байтақ елді, өзіндік мәдениет және ерекше асқақ рух пен танымды қорғады және бізге мұра етіп қалдырды. Менің кезімдегі ұрпаққа тәуелсіз Қазақстанды құруды алға қоя отырып, ел тағдырын сеніп тапсырды. Бұл қиын әрі тарихи жауапты міндет болатын, біз оны орындадық” деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, еліміз өтпелі кезеңнен сүрінбей өтіп,  бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті.
Тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай белгіленіп, мемлекеттік рәміздеріміз бен Ата Заңымызды қабылдап, ұлттық валютамыз айналымға енді.
Президентіміз  ғасырлар бойы арманда өткен бабаларымыздан қалған кең-байтақ жерге Қазақстан деген тәуелсіз мемлекетті құрып, дүниедегі мықты деген елдердің қатарына қосты. Сарыарқаның төсінен Астана қаласы бой көтерді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалады.
Елбасы елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге  мойындатып қана қоймай, әлемді шарпыған экономикалық дағдарысты жеңе отырып, мемлекетті табысты басқарудағы қабілет-қарымын дәлелдеп. өзіндік мәдениетіміз бен тарихымызды, тілімізді, дәстүр-салтымызды сақтай отырып, мықты демократия мен дипломатияның негіздерін қалады.
Қазіргі жаһандану дәуірінде соңына тарихи із қалдырған, халықаралық саясатта Азия мен Еуропаны қосатын, Шығыс пен Батыс өркениеті мен мәдениетінің ізгі қасиеттерін бойына сіңірген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-сындарлы саясатымен, салмақты пікірлерімен бүкіл әлемді мойындатқан саясаткер. Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан қуаты жағынан әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық әлеует-Семей полигонын жапты. Бұл бүкіл ғаламшар қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі - Қазақстан мемлекеттігінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен құтты қадамдардың бірегейі еді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан  Назарбаев - әлемдік ұлы тұлға. Нұрсұлтан Әбішұлы парасат пен ізгілік, сезімталдық пен батылдық, сабыр мен шешімділік тізгінін тең ұстап, халықтың рухани, мәдени, қоғамдық саяси өміріне айрықша мән беріп, әлеуметтік тамыр соғысын дөп басатын  кемеңгер. Мемлекеттік құрылыс, әлеуметтік-экономикалық  дамудағы қазіргі Қазақстанның жетістіктері, халықаралық аренадағы еліміздің ұстанымдарының нығаюы Елбасының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.
Туған жерінің қадір-қасиеті сүйегіне сіңген нағыз Елбасы ретінде ол осы істе өз халқының іргелі құндылықтарын – бейбіт­шілік сүйгіштік пен тағаттылықты, жаңа білім мен дағдыларға деген ашық­тық­ты, дәстүрлі рухани жомарттық пен ынтымақтастықты өзіне серік етіп алды.
Бүгінгі күні Қазақстан – үлкен эконо­ми­калық, саяси, әлеуметтік, инновациялық, зияткерлік әлеуеті бар тәуелсіз мемлекет.
Жалпы,  Тұңғыш Президент күні - мемлекеттік мереке. Бұл күні қазақ елін әлемге танытқан, сыртқы саясаттағы беделі, абыройы биіктен көрінген, халық алдында аса зор құрмет пен ілтипатқа ие болған Елбасының ерен еңбегіне құрмет көрсететін күн.
Жыл сайын кеңінен аталып өтілетін Тұңғыш Президент күні  уақыт өткен сайын маңызы арта түсіп, рухани санамызды жаңғыртып, қуаттандыратын, жаңа мұраттарға жетелейтін мерейлі мереке болып қала беретін болады.

Әзімбек Ойықбаев,
Дихан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін279
mod_vvisit_counterКеше635
mod_vvisit_counterОсы аптада914
mod_vvisit_counterӨткен аптада4562
mod_vvisit_counterОсы айда6246
mod_vvisit_counterӨткен айда16107
mod_vvisit_counterБәрі896389

Серіктестер