Онлайн газет



АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР – ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда үкіметтік емес сектор - мемлекеттің сенімді әріптесі екені белгілі. Дүйсенбі күні №1 мектеп-гимназиясында аудан әкімі  Рахматілдә Рахманбердиев азаматтық емес сектор өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге ауданда тіркеліп, жұмыс атқарып отырған үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде бас қосқан азаматтық емес сектор өкілдері алдында аудан басшысы Рахматілдә Рахманбердиев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша жоспарланған жұмыстар туралы баяндама жасады. Рахматілдә Сегізбайұлы Елбасы Жолдауындағы халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында айқындалған алты басымдықты ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен сабақтастыра айтып берді. Атап айтқанда, «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде аудан тұрғындарының нақты санаттарын белгілеу бойынша жүргізілген жұмыстар, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жоспарланған жобалар, Үдемелі индустриалды - инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Әулие - Ата Феникс» және «С.П. «Рола-Ян» ЖШС-інде екі жоба іске асырылып, ағымдағы жылы үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын жеткізді.


Сонымен қатар, егін және мал шаруашылығындағы көрсеткіштер, сервистік секторларды дамыту, баламалы энергия көздері, тұрмыс сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер мен балабақшаларға бейнебақылау камераларын орнату, денсаулық сақтау саласы, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру, сапалы және қолжетімді тұрғын үй, жол құрылысы, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыру, құқық қорғау органдарының жұмысы, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, жастар саясаты және де Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Кездесуге қатысушылар арасынан аудандық түрік этно-мәдени орталығының жетекшісі Мехия Раджамов, қоғамдық кеңес төрағасы Жұманғали Құмғанбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Беспаев, аудандық медиаторлар мен психологтар ассоциациясы кеңесінің төрайымы Ғайни Көшекбаева, Сарыкемер ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Оралов ретімен сөз алып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде сөз қозғады.
Жиын соңында аудан әкімі басқосуда көтерілген мәселелерге қатысты өз ойымен бөлісіп, кезекті жиында тиісті сала өкілдерін шақыру туралы тапсырма берді.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 28.11.2018 12:30
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін258
mod_vvisit_counterКеше635
mod_vvisit_counterОсы аптада893
mod_vvisit_counterӨткен аптада4562
mod_vvisit_counterОсы айда6225
mod_vvisit_counterӨткен айда16107
mod_vvisit_counterБәрі896368

Серіктестер