Онлайн газет



Егемен еліміздің құқықтық саясат тұжырымдамасы

А.Тасқанбаева,
Байзақ аудандық әділет басқармасының жетекші маманы.

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасының (1994 ж.) басты нәтижесі мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын белгілеп берген, адам мен азаматтың негізгі құқықтарымен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасы Конститутциясының қабылдануы (1995 ж.) болды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясының негізінде жаңа конститутциялық құқық құрылды, оған сәйкес мемлекетіміз үшін ең ыңғайлы президенттік басқару нысаны нық бекіді. Мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуі жүзеге асты. Тұрақты жұмыс істейтін Парламент барған сайын жемісті жұмыс жасауда. Атқарушы билікті нығайту жөнінде шаралар қабылданды.
Жеке меншік, азаматтық қоғам қатынастарын, еркін кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық одан әрі дами түсті. Қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңдары әлемдік қауымдастықта бекітілген принциптерге сәйкес айтарлықтай мөлшерде түбейгейлі өзгерді. Сот және құқық бөлігі болды. Біртұтас сот жүйесі құрылды, судьялардың дербестігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды. Сот корпусын құруға биліктің барлық тармағын және судьялар қауымдастығын қатыстыра отырып, судьяларды өмір бойы қамтамасыз етілуі мен мәртебесінің деңгейін көтеретін басқа да шаралар іске асырылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясына сәйкес қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу прокуратурадан бөлінді. Ішкі істер органдарын оларға тән емес функциялардан босату мақсатында өртке қарсы қызмет бұл органдар құрылымынан шығарылды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан Құқықтық статистака және ақпарат орталығы құрылып, ішкі істер органдарынан оған қылмыстық-құқықтық статистика ісі берілді.
Сонымен қатар ішкі істер органдарынан Әділет министрлігі криминалистік сараптаманы және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап пенитенциарлық жүйені беру жүзеге асырылды.
Бүкіл қазақстандық құқықтық жүйе қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси өмірін бүге-шігесіне дейін регламенттеуден, құқық қорғау жүргізуде айыптау бағытынан және мемлекет пен жеке меншік иесінің өзара қарым-қатынастарында мемлекеттік мүдделердің басымдығынан арытылды.
Алайда, елдің заң жүйесін Қазақстан Республикасының Конститутциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына сәйкестендіруді негізінен қамтамасыз ететін құқықтық база одан әрі дамытуды қажет етеді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін173
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2557
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8218
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234490

Серіктестер