Онлайн газет



ЕГІН ОРАҒЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Жайлы  жаздың егіні дер шағында пісіп жетілді. Қазір аймақта егін орағы қызу басталып кетті. Алғашқы кезекте арпа егісіне, кейіннен бидай егісіне де орақ түскендігі белгілі. Шілденің аптап ыстығымен арпалысқан шаруалар жиын-терімге жаппай кірісуде. Бұл күндері ауданымыздың егіс алқаптарында күздік бидай мен жаздық арпаға астық комбайндары түсіп, дала түсі дүбірге бөленуде.
Биыл диқандар аудан бойынша 6200 гектар күздік бидай мен 4740,7 гектар жаздық арпаны шашпай-төкпей жинап алуға күш салуда.
Шілденің шіліңгір ыстығына қарамай мол өнім жинауға ұмтылған орақшылардың алғашқы адымы көңіл қуантарлық. Жиын-терінге жаппай кіріскен орақшылардың көш басында түймекенттік «Достық-99», бурылдық «Достық-Ш» және сазтеректік «Бапыш-Сейсенбай» шаруа қожалықтары келеді. Аудан әкімдігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметтеріне сәйкес бүгінгі күнге аудан еңбеккерлері 1275 гектар арпа мен 1940 гектар бидайға орақ салып, дән бастырды. Әзірше ақ егістің әр гектарынан алынған түсім орташа есеппен 13,8-14,1 центнерден айналуда. Нәтижесінде 1760 тонна арпа мен 2735 тонна бидай қамбаға құйылды. Сондай-ақ масақты дәнді дақылдарды жинауға жалпы саны 23 комбайн жұмылдырылуда.
Әр күні санаулы егін орағының ырғалып-жырғалып жүруді көтермейтіні орақшылар үшін жақсы таныс. Сондықтан әр күні жылға азық болып отырған дихандар еңбек қарқынын арттыра түсіп, бұл жұмысты қайткенде қысқа мерзімде аяқтауды ойластыруда.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1086
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада2829
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда20908
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228294

Серіктестер