Онлайн газет



БАҚЫЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен мемлекеттік сатып алулардың камералдық бақылауымен жалпы сомасы 151 965,3 млн. теңгені құрайтын 14 138 лот қамтылды.

Камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 50 831,4 млн. теңгені құрайтын 2 774 лот бойынша бұзушылықтар анықталып, аудит объектілеріне 2 774 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (ары қарай - хабарлама) жіберілді.
Департаментпен Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит Комитетіне хабарламаларды орындамағаны және уақтылы (тиісінше) орындамағаны үшін шығыс операцияларын тоқтату жөнінде 15 хаттар жіберіліп, өз кезегінде Комитетпен шығыс операцияларын тоқтату туралы шешімдер қабылданды.
Мемлекеттік сатып алуды өткізуде жіберілген бұзушылықтар анықталып, Байзақ ауданын айтатын болсақ, барлығы 94 хабарлама жіберілген, оның ішінде атап айқанда, "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚМКК-не 7, "Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-не 18 және "Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" КММ-не 23 хабарламалар жіберіліп, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері заң талаптарына сәйкестендірілді.
Мысалы, "Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" КММ-мен бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптары қойылғаны камералдық бақылаумен анықталып, біліктілік талаптары Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайтындығы үшін аталған мекемелерге хабарламалар жіберіліп, мемлекеттік сатып алулар заң талаптарына сәйкес болдырылмады.
Бұзушылықтарға жол беруге себеп тиісті мамандардың Қазақстан Республикасының заң нормаларын жетік білмеуі және жауапты тұлғалардың тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі болып табылады. Осыған байланысты, ауданның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілерінің назарына мемлекеттік сатып алуды өткізуге жауапты мамандардың біліктілігін арттыру бойынша оқу курстарын өтулеріне ықпал жасауға және мекеме басшыларының тарапынан бақылауды күшейту керек екендігін жеткіземіз. Ақпарат үшін байланыс телефондары: 8 (726 2) 43-54-60.

Әулетхан БӨКЕЙХАНОВ,
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің камералдық бақылау бөлімінің бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1168
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада1168
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40169
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247555

Серіктестер