Онлайн газет



Спорт жаңалықтары

КІШІ ФУТБОЛ
Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның 80 жылдығы мерекесіне орай, кіші футболдан спорт ардагерлері арасында облыстық турнир өз мәресіне жетті.
Турнирді облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков ашып берді және турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Турнир нәтижесі бойынша жүлделі үшінші орынды «Қазфосфат» командасы, екінші орынды «Қазақтелеком» командасы, бірінші орынды «Әулие ата» командалары жеңіп алды.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы тағайындалған Кубок, Диплом және бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

СПАРТАКИАДА
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылында ауданның 80 жылдығына арналған аудандық спартакиада өткізілді. Спартакиаданы аудан әкімінің орынбасары Нұрдос Тойбаев ашты.
Спартакиада футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетикалық эстафета, шахмат, дойбы, стрит воркаут спорт түрлері бойынша өтіп, оған он сегіз ауылдық округтің құрама командалары қатысты.
Спартакиаданың нәтижесіне сәйкес, жалпы командалық есепте жүлделі үшінші орынды Ботамойнақ, екінші орынды Бәйтерек және бас жүлдені Түймекент ауылдық округі жеңіп алды.
Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы тағайындалған Диплом, Кубоктармен марапатталды.

 

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
Қазақ күресі – ұлттық салт-дәстүріміздің ажырамас бір бөлігі екені рас.
Сарыкемер ауылының орталық стадионында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру, қазақ күресін дәріптей отырып, жастардың ұлттық отансүйгіштік рухын көтеру, жас палуандардың спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында қазақ күресінен айтулы мерекеге арналған турнир өткізілді.
Түйе палуанды анықтау әдісімен өткізілген турнирде 12 палуан қатысып, нәтижесінде жетібайлық палуан Төрен Ертуған түйе палуан атанса, ІІ орынды Жамбыл ауданынан келген палуан Пахридинов Дәулет, ІІІ орынды Әбіқай Әбекен (Байзақ ауданы) жеңіп алды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар және Дипломмен марапатталды.

 

АУЫР АТЛЕТИКА
“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен ауыр атлетикадан мерейтойға арналған Байзақ ауданының ашық біріншілігі өткізілді.
Турнирдің басты мақсаты - қатысушылардың шеберлігін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Аталмыш ашық біріншілікке 32 спортшы қатысып, жас спортшылар зіл темір көтеруден өзара мықтыны анықтады.
Жарыс нәтижесі бойынша әр салмақ дәрежесі бойынша төмендегі спортшылар жеңімпаз атанды.
- Мәлік Шәміл (Байзақ ауданы);
- Қалыбай Қаныш (Байзақ ауданы);
- Оразалиев Рамазан (Байзақ ауданы);
- Жапар Шынар (Тараз қ.);
- Сүйінбек Раушан (Тараз қ.);
- Әлімбек Ерасыл (спорт интернаты);
- Шардарбек Нұрғали (спорт интернаты);
- Темірбек Сәкен (спорт интернаты);
- Иманәлі Омарали (Тараз қ.).

Обновлено 01.11.2018 09:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін630
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада630
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39631
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247017

Серіктестер