Онлайн газет



БАЙЗАҒЫМ - БАҚ МЕКЕНІМ!

Үстіміздегі жылы өзінің сексен жылдық мерейтойын өткізіп жатқан ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Сондай айтулы шарадан шет қалмаған аудан орталығындағы бірден-бір білім беру мекемесі Ю.Гагарин атындағы орта мектебі.

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында және ауданның сексен жылдығы қарсаңында мектептегі бастауыш бірлестігінің ұйытқы болуымен 3,4-сынып оқушылары арасында "Байзағым - бақ мекенім!" атты әдеби кеш болып өтті.
Оқушылардың Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, ауданның тарихымен таныстыру, туған жердің қадір-қасиетін ұғындырып, елі мен жеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру мақсатында өткізілген кеш барысы үш бөлімнен құралды. Атап айтқанда, "Туған жер ғажаптары" бөлімінде оқушылар аудан, туған жер тақырыптарында өлең шумақтарын оқыса, "Тарихыңды танып, біл" бөлімінде аудан мен ауыл тарихын және ондағы мәдени орындар жайлы мол мағлұматтарға қанықты. Ал, "Ауыл азаматтары" тақырыбына арналған бөлімде еліміздің мақтанышына айналған, ауданнан шыққан атпал азаматтар, олардың өміржолдары мен шығармашылығы туралы жан-жақты ақпараттар алды.
Әдеби кеште "Байзақ елі", "Туған жер", "Ертегілер", тағы да басқа әндер шырқалып, 4 "ә"-сынып оқушылары "Жігіттер" биін орындады. Хордың орындауындағы "Туған ел" әнімен аяқталған әдеби кешті мектеп директоры қорытындылады.

Жадыра АХМЕТОВА,
Ю.Гагарин атындағы орта мектебі бастауыш бірлестігінің жетекшісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін11
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1200
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40201
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247587

Серіктестер