Онлайн газет



Әр әкімшілік құқық бұзушылыққа жаза бар

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 722 - бабына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Яғни, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2018 жылдың 9 айында барлығы 328 әкімшілік істер тіркеліп, лауазымды тұлғаға 35 870 419 теңге көлемінде 252 айыппұл салынған, оның 26 649 219 теңгесі бюджетке өндірілді. Қалған сомалар бойынша Бюджетке уақытында өндірілмеген айыппұлдар туралы мәлімет жеке сот орындаушыларға және жұмыс орындарына мәжбүрлеп төлету үшін жолданды.  
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар Департаменттің, облыстық тексеру комиссиясының бақылау барысында анықталған, облыстың  прокуратура органдарымен анықталған бұзушылықтар бойынша және басқа да мекемелерден келіп түседі. Ағымдағы жылдың 9 айында прокуратура органдарынан 219 материал, облыстық тексеру комиссиясынан 12 материал, департаменттің 86 бақылау материалдары және басқада мекемелерден 11 материалдар түсіп, олар бойынша әкімшілік істер қабылданды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар саралау нәтижесінде 16 тұлғаға қатысты бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу салдарынан, қалған 236 мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзылғаны үшін қаралған және салынған айыппұлдар, қалған 76 материалдар тұлғаның өтініші бойынша сотқа жіберіліп, оның 57-сі сот шешімімен әкімшілік айыппұлдан босатылып, 19 қаралуда.
Яғни, жалпы қаралған әкімшілік істер Департаменттің нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау бойынша - 9 әкімшілік істер;
Жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы бойынша - 16 әкімшілік істер;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға қол қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзуда - 10 әкімшілік істер;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуда - 9 әкімшілік істер;
Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн конкурстық баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу – 18 әкімшілік істер;
Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану бойынша –20 әкімшілік істер;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы лауазымды тұлғалар заңнаманы жетік білмей шартты біржақты тәртіппен бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіні немесе сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені анықталған, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік са тып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі үшін - 83 әкімшілік істер;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырғаны үшін -163 әкімшілік істер қаралды.
Көп жағдайда мемлекеттік мекемелер жосықсыз қатысушы деп тану үшін және тұрақсыздық айыбын өндіру үшін сот органдарына жүгінген жағда    йда сот органдары жүгіну мерзімі өткенін негізге ала отырып, талаптары қанағаттандырылмай қалады немесе ішінара қанағаттандырылады.
Бұл жағдайда жосықсыз қатысушы деп тану бойынша талаптарды қанағаттандырмағаны мен тұрақсыздық айыбын өндіру қажеттілігі ескерілмейді. Осы мәселені ескеріп тұрақсыздық айыбын өндіру үшін талап арыздарымен сотқа жүгінуі тиіс, немесе соттың шешімдеріне шағымданып, тиісті шешім қабылдауға жұмыстар жүргізуі қажет.
Жоғарыдағыны қорытындылай келе мекеме басшылары мен қаржы қызметкерлеріне бұзушылықтарды болдырмау мақсатында өз қызметтерінде тиісті заңнаманы дұрыс қолдану қажеттілігі туралы тағы еске саламыз.

Ахметжан Айтназаров,
персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін211
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9609
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39212
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246598

Серіктестер