Онлайн газет



Сексеуілді жинау мен сату заң жүзінде қаралады

Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі - 4 млн. 427 мың 034 га, оның орман ағаштары көмгерген жерлері - 2 млн. 357 мың 123 га құрайды.
Орман қоры жерлері - облыс жер аумағының -30,8 пайызын, ал, орманды жерлері - 15,47 пайызын алып жатыр. Облыс аумағындағы мемлекеттік орман қорының - 4 млн. 264 мың гектары, немесе 96,2 пайызы. Мойынқұм өңірінде орналасқан шөлді аймақтарға жатады. Шөлдегі орман өскен жерлердің көлемі - 2 млн. 155 мың га. Шөлдегі  ормандардың – 51,7 пайызы (1 млн. 115 мың га) сексеуіл бұталарынан тұрады,  қалған - 48,3 % (1040 мың га) жүзген, теріскен, жыңғыл т.б. бұталар.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесуге тыйым салу туралы» №211 бұйрығы бекітілгені мәлім. Осыған орай, мемлекеттік орман  қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне осы жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынды.
Сексеуіл екпелерін сақтау мақсатында АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесуге тыйым салу тағы 5 жылға 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту жобасын әзірлеуде.
Сондай-ақ 2017 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 91-бабының 1-тармағына өзгерістер енгізілді. Осы кодекстің 91- бабы бойынша сексеуіл екпелерінде халық өздігінен қураған сексеуіл отынын жинай алмайтынын, қураған сексеуіл отынын жинау мен сатуды тек мемлекеттік орман иеленушілері жүзеге асырады.
Бұдан өзге Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу» №544 Заңының 32-бабына сәйкес сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің қураған сексеуіл отынын жинау мен сатуын қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде жеке  тұлғалардың сексеуіл өнімдерін сатуға тыйым салынған.
Бүгінгі таңда, осы заңнама аясында ауылдық округ әкімдіктерінің  ұсынған тізімі бойынша мемлекеттік орман иеленушілер  кеспеағаш аймағынан тыс жерлерде өздігінен құлап жерде жатқан қоқымдарды (қара шірік сексеуіл) жинап, бір орталықтап, жергілікті халықты отындық ағашпен қамтамасыз ететін болады. Яғни, бұл мәселе бойынша тікелей Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесі отынды жинау мен сатуды есептелген калькуляция негізінде жүзеге асырады. Осы ретте, есептелген калькуляция бойынша орман шаруашылығы мекемелерінің кеспе ағаш аймағынан тыс жерлерде жиналған І текше метр қара шірік сексеуіл ағаштарын жинап қоймаға жеткізуге кететін шығындардың орнын толтыратын болады.
Бұдан өзге жергілікті халықты қыстық отынмен (қураған сексеуіл ағашы) қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын іс-шара жоспары әзірленіп аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі және Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен келісіліп, аудан әкімімен бекітілді.

Қайсар ЖАСҰЗАҚОВ,
аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Обновлено 01.11.2018 09:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін439
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада439
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39440
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246826

Серіктестер