Онлайн газет



ТУҒАН ЖЕР

Аудан тарихы-менің тарихым

Жері жұмақ саналатын Байзақ ауданы көз алдымызда отау тігіп, өркен жайды. Өңір құрылған жылы “Қызыл жұлдыз” колхозына мүше болып қабылдандым. 1942 жылы звено жетекшісі бола жүріп, техникалық дақылдан  мол өнім жинауға қол жеткіздік.
Жалпы, 1947 және 1948 жылдары қант қызылшасынан көл-көсір өнім алған бір топ қызылжұлдыздық қызылшашылар “Социалистік Еңбек Ері” атағын иеленді. Олардың қатарында мен де болдым.
“Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан” дегендей, білікті басшылар мен еңбек адамдарының ерен еңбегінің арқасында аудандағы ұжымшарлар мен кеңшарлардың іргесі қаланды. Өткен ғасырда аудан еңбеккерлері биік белестерді бағындырып, жасампаз істердің көшбасшысы бола білді. Сол үрдіс бүгінде жалғасын табуда.
Өмірім ауданмен біте қайнасып келе жатқандықтан, оның тарихы- менің тарихым. Бақытымды осы жерден тауып, абыз ана атанып отырған жайым бар.
Жасым 100-ден асты. Жастық кезеңде қанша қиындықтарды көрсек те мойымадық, еңбектің арқасында құрметке бөленіп, мәртебем биіктеді. Сондықтан, құт дарыған өңірдің перзенті болғанымды, онымен бірге өсіп, өркен жайғанымды мақтан тұтамын.

Мәрзия Ибрагимова,
Социалистік Еңбек Ері.
Жамбыл облысының және ауданның Құрметті азаматы.


 

Көркейе бер, туған жер!

“Қастерлеген еңбектегі ерлікті,
Байзақ жері Ерлерімен көрікті” - деп ақындар жырға қосқандай, киелі өңірде дүниеге келгенімді мақтан тұтамын.
Ырысы тасып, ынтымағы ұйыған қасиетті өлкеде балалық шағым өтті. Жастық шағымның куәсі болған Дихан -2 ауылының әрбір тасы, жусаны, тал-дарағы мен үшін қымбат.
Тараз қаласымен тамырлас ауданның тарихы тереңнен  бастау алады. “Батырлар мен ақындардың, спортшылардың” елі атанған мекеннен хас батырлар, белгілі жазушылар мен ақындар, даңқты спортшылар, жиырма жетіден астам  Еңбек Ерлері шыққан. Бүгінгі таңда еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып отырған өлкенің егін және мал шаруашылығындағы толымды табыстары, әр саладағы жетістіктері көңіл қуантады.
Ертеңі жарқын, ырысты елдің перзентімін. Туған жерімнің көркейіп, жайнай түсуіне өз үлесімді қоса беретін боламын.
Өсіп - өркендей бер, туған өлкем!

Жақсылық Үшкемпіров,
Қазақстанның Еңбек Ері.


 

Тарихымен түлеген өңір

Қазақтың байтақ даласында тарих пен сырға тұнған қасиетті мекендер аз емес. Сулы да нулы табиғатымен, көнеден тартқан шежірелі өмірімен  танымал өлке - ол Байзақ елі.
Алатаудан бастау алатын Талас өзенін жағалай қоныстанған, Ұлы Жібек жолында орын тепкен киелі мекенде қатпарлы сырды қойнына бүккен Бурыл тауы, шежіреге толы Түймекент, Барысхан, Оххум шаһарлары өткен тарихтан сыр шертеді. Еліміздің бостандығы мен азаттығы жолында  жан қиған ата-бабаларымыздың ерлік жолдары жас ұрпақты отансүйгіштікке, елі мен жерін құрметтеуге тәрбиелейтіндігі ақиқат. Осы өңірде қызмет жасаған жылдары  ата салтын сақтаған, баршаны бауырына басқан, берекелі өмірді еншілеген ырысты өлкенің халқы әлі талай биіктерді бағындырып, ел игілігін еселеуге өздерінің үлестерін қоса беретіндігіне сенімдімін.   

Қожахан Жабағиев,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты, ауданның Құрметті азаматы.

Обновлено 29.10.2018 16:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1090
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада1090
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40091
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247477

Серіктестер