Онлайн газет



Міндет жүгі салмақты

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналып, адам өмірінің барлық маңызды салаларын, білім беруді, денсаулық сақтау саласын, тұрғын үй және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелерін қамтыды. Әсіресе, бүгінде қоғамымызда өзекті мәселеге айналып отырған жемқорлықпен күрес пәрменділігін арттыруға, сот жүйесі қызметін жетілдіруге, электронды қызмет ауқымын кеңейтуге де көңіл бөлінген.

Қазіргі уақытта сот жүйесі сандық жүйеге өткендіктен, халықтың ақпаратқа қолжетімділігі арта түсті. Сот залдары заманауи ақпараттық технологиялармен толығып, аудио-бейне қондырғылармен жабдықталып, «Сот кабинеті» жұмыс жасауда. Бұл азаматтардың сотқа келмей - ақ, интернет арқылы шағымдарын беріп, сот процесінің барысымен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, скайп арқылы сот мәжілістерін қашықтан өткізу тәжірибесі жол шығыны мен қиындығын азайтып, сот жұмысын оңтайландыра түсті.
Бұдан бөлек, «Медиация туралы», «Алқабилер туралы» заңдар қолданысқа еніп, судьялардың Әдеп кодексінің тәжірибеге енгізілуі де бұл саланы алға жылжытып, азаматтар құқығының қорғалуын қамтамасыз ете түсті. Ұлт жоспарының 17 - қадамы аясында, сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше мән берілгендіктен, елде судья лауазымына іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді.
Елбасы Жолдауында сот жұмысындағы заманауи форматтар мен озық электронды сервистерді енгізуді одан әрі жалғастыру айтылды. Аудандық сотта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Жолдауда көтерілген тағы бір маңызды мәселе – судьялар корпусын білікті мамандармен толықтыру, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау - дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керектігі, сондай-ақ, судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажеттігі айтылған. Жоғарғы сот төрағасының бастамасымен бұл бағытта да жұмыстар қолға алынуда. Қорыта айтқанда, Жолдауда айтылған барлық бағыт өте маңызды және олардың халыққа берері мол.

Айбек Садық,
аудандық соттың бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін385
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада385
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39386
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246772

Серіктестер