Онлайн газет



ҚОҒАМ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру жөніндегі мәселені Президент 2014 жылдың 26 желтоқсанында  бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көтерді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез -келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Аудан әкімдігінің мәжілістер залында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары А.Рахимовтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті штабының басшысы Ғ.Тубаевтың, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тергеушісі А.Сабыржановтың ұсыныстары негізінде, Байзақ ауданы мемлекеттік қызметшілермен, арнайы мониторингтік және аудандық мобилдік топтар мүшелерінің қатысуымен қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi жиналыс өтті.


Жиналыста ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыру туралы мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, жемқорлыққа төзбеушілік жағдайына қол жеткізудің маңыздылығы және негізгі күш сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына қарсы алдын алу жағдайларын жасауға бағытталған болуы тиіс екендігі, қоғамның келеңсіз құбылысына қарсы шараларды күшейтудің маңыздылығы айтылды. Ел тұрақтылығын, әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі, құқықтық мемлекетті құрудағы, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және мәдениетті қалыптастырудағы азаматтардың белсенділігін көтеру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтаудың өзектілігі де назардан тыс қалмады.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ,
"Ауыл жаңалығы".

Обновлено 25.10.2018 09:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін311
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада311
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39312
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246698

Серіктестер