Онлайн газет



ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

Сарыкемер мектеп-гимназиясында  Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңын жүзеге асыру аясында “Өңірлік жастар форумы” болып өтті.

Оған жас мамандар, жоғары сынып оқушылары, колледж білімгерлері, ауылдық округтердегі спорт ісі нұсқаушылары мен жастар ісі жөніндегі аға инспекторлар, жасотандықтар мен белсенді жастар қатысты.
Форумда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова мен Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Айдос Абдуалиев ретімен сөз алып, жастар саясатындағы жастардың рөлі мен жастардың арасындағы шешілмей жатқан мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өткізілген форумның барысында күн тәртібінде үш мәселе, атап айтқанда, аудандағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын жастар арасында насихаттау және облыстық жастар форумына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.
Осыған байланысты жастар ресурстық орталығы Сарыкемер ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Қазбаев, №3 Байзақ колледжінің оқытушы-ұйымдастырушысы Заман Молдабаев баяндама жасады.


Форум жұмысының соңында облыстық форумға делегаттар ұсынылып, бірқатар белсенді жастар марапатталды.
Айта кетейік, мұндай форум елімізде 2015 жылы 9 ақпанынан бері “Мемлекеттік жастар саясаты туралы” заңның аясында жыл сайын өтеді. Аталмыш заң жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне жас азаматтардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді үлгісін қалыптастыру мақсатында әзірленген. Жалпы алғанда, заңның негізгі мақсаты жастардың табысты әлеуметтенуіне бағытталған тиімді мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру үшін заңнаманы жетілдіру, олардың әлеуетін ел дамуына жұмсау болып табылады. Бұдан бөлек, құжатта мемлекеттік жастар саясаты субъектілерінің жұмыс істеуіне құқықтық мүмкіндіктер беру, жастармен тиімді жұмыс істеудің тетіктерін қалыптастыру, жастардың құқықтарын кеңейту нормалары қамтылған.

Нұрболат СҰРАНШИЕВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 25.10.2018 09:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін835
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада835
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39836
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247222

Серіктестер