Онлайн газет



ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Жолдау –жарқын болашақтың кепілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы көтерілген мәселелер халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуын  көздейді.

Әсіресе, қарапайым халықтың әл-ауқатын көтеруге арналғандығы көңілімізге үлкен қуаныш пен үміт сыйлады. Жаңа Жолдауда Елбасы білім саласына ерекше көңіл бөлді. Елбасы кезекті Жолдауында мұғалім еңбегін жоғары бағалады және де "Педагог мәртебесі" туралы заң қабылданатынын айтты.
Мұғалім мәртебесін арттыру – адам капиталын құрметтеуге бағытталған құтты қадам. Бұл тұрғыда мұғалімдер де озық технологияны меңгеріп, білімін жетілдіріп, тәжірибесін арттырып отыруы қажет. Елбасының Жолдауында айтылған басты бағыттарға орай «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ауқымды жұмыстар атқарылып, игі бастамалар одан әрі қарқын алуда. Ел болашағының жарқын болашағын ескеріп отырған жаңа міндеттердің орындалуы үшін ерен еңбек, зеректік, отанға деген сүйіспеншілік керек. Ал, сүйіспеншілікті жас буынға дарытатын тұлға – жаңа технологиямен қаруланған білім мен ғылымдағы соңғы жетістіктерді серік еткен шығармашыл мұғалімдер оқушы бойындағы қайрат – жігерді, білім мен табысты, туған ел мен жер мүддесі жолында жұмсауға тәрбиелеу – мұғалім қызметінің түпкі мұраты. Жеке тұлғаның қалыптасуы – бұл үнемі рухани толығу, даралықты, интеллектілікті, ішкі және сыртқы жалпы және кәсіби мәдениетті меңгеру дегенді білдіреді.
Қазіргі кездегі білім беру үрдісіндегі өзгерістерді, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай білуі керек. Жаңа заман талаптарына ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа ақпараттық сауаттылық қажет, сондықтан білім беру үшін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану аясын кеңейту мұғалімдерден үлкен кәсіби даярлықты және үнемі әдістемелік ізденістерді талап етеді. Қазіргі білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету үшін, болашаққа қарай талпынып, сеніммен нық қадам жасауда.
Еліміздегі білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен  жаңалықтар әрбір педагог қауымның жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болады.

Гульбакира БАЙТЕНОВА,
Сағадат ҚАРЫМБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ тренерлері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін679
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада679
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39680
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247066

Серіктестер