Онлайн газет



Сенім жүгі ауыр

Әлем көз ілеспес шапшаңдықпен  дамитын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ басып келеміз. Елбасының сындарлы саясатының арқасында  жаһандық дағдарысты еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түстік. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып,  олардың бәсекеге қабілеттіктерін көтеретін тиімді тетіктер  нақты көрсетіліп, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуына жол ашатын міндеттер атап көрсетілген.

Ұлт саулығы - дәрігерлердің біліктілігіне де байланысты. Олар тұрғындардың денсаулығын қадағалап, сырқатқа шалдыққандарына алғашқы медициналық көмек көрсетіп отырады. Сондықтан, учаскелік дәрігерлердің еңбекақысын көтеру, қолдау маңызды. Елбасы халыққа арнаған  Жолдауында: «Ең алдымен, әсіресе, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді», – деді.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласы сандық жүйеге көшуде. Яғни, сырқаттың емдеу картасы электронды түрде жүргізіледі. Науқас адамның бұрын қандай аурумен сырқаттанғаны, қандай ем алғаны тіркеледі. Соған қарап, оның денсаулығының жағдайы, алдағы уақытта қандай ем-дом жасау керектігі анықталады. Мемлекет басшысы Жолдауында: «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді.
Денсаулық сақшыларын алаңдатып отырған  ең өзекті мәселенің бірі – қатерлі ісік дерті.Аталған кеселді ерте анықтау, емді уақытында бастау арқасында көптеген адамның өмірін сақтап қалуға болады. Жолдауда Президент осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керектігін айтты.
Жалпы ел жағдайын жақсартып, экономиканы дамытуға серпін беретін маңызды құжат болашаққа сенім ұялатып, тың бастамаларды жүзеге асыруға жетелейді. Сондықтан Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру - баршаның міндеті деп білеміз.

Лиза Мешітбаева,
аудандық емхананың дәрігері.
Сарыкемер ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін672
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада672
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39673
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247059

Серіктестер