Онлайн газет



жүлдемен оралды

Еліміздің бас қаласы - Астананың 15 жылдық торқалы тойына байланысты Тараз қаласында жастар арасында “Жеңісім саған, Астана!” атты спартакиада

өткен болатын. Спорттың арқан тарту, қол күресі, кіші футбол түрлерінен  өзара бақ сынасқан командалар арасында байзақтық жастар алғашқы шептен көріне білді.
Атап айтар болсақ, аудандық “Жастар орталығы”  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бастап барған “Байзақ жастары” командасы арқан тарту сайысы бойынша І орынды қанжығасына байлап қайтса, қол күресі мен кіші футболдан ІІ орынды жеңіп алып, жүлдемен оралды.
Көрші Жамбыл ауданы мен Тараз қаласынан оннан аса команда қатысқан додадан алдыңғылар қатарынан таныла білген Байзақ жастары шындығында да ерледі. Аудан абыройын асқақтатқан ұл-қыздарымыз жарыс соңында ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтармен марапатталып, Дипломдармен   мадақталды.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 17.07.2013 17:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін78
mod_vvisit_counterКеше527
mod_vvisit_counterОсы аптада1233
mod_vvisit_counterӨткен аптада3145
mod_vvisit_counterОсы айда14142
mod_vvisit_counterӨткен айда15036
mod_vvisit_counterБәрі1130538

Серіктестер