Онлайн газет



АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ІІ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

 

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін халықтың денсаулығын сақтау және нығайту барысында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Елбасымыз өзінің биылғы Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттауды басты мәселелердің қатарында қарастырғаны белгілі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегеніміз – ол

әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу, денсаулықты нығайту.
Жуырда  Сарыкемер ауылының орталық стадионында облыстық деңгейдегі «Ауыл жастары арасындағы ІІ спорттық ойындар» жарысы өз мәресіне жетті. Жарыстың ашылу салтанатында облыстық және аудандық әкімдіктерінің лауазымдық тұлғалары, қонақтар мен спорт саласының мамандары құттықтау сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттіліктер тіледі.
Аудан орталығы Сарыкемер ауылында орналасқан бес бірдей білім ордаларының спорт залдарында ұйымдастырылған жарысқа барлық 10 ауданнан спорт ойындарының 9 түрінен жалпы саны 625 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды Байзақ ауданының құрама командасы, ІІ орынды Жамбыл ауданының құрамасы және жүлделі ІІІ орынды Талас ауданының құрама командасы жеңіп алды. Сондай-ақ жүлделі төртінші және бесінші орындарды Жуалы мен Меркі ауданының командалары өзара бөлісті.
Жекелей спорт түрлерінен аудан спортшылары намысты қолдан бермей, спорттың жеңіл атлетика, қол күресі, гир көтеру, баскетбол (қыздар) және кіші футбол түрлерінен бірінші орын тұғырынан көрінсе, баскетбол (ерлер) арасындағы бәсекеде жүлделі екінші орынды місе тұтты.


ЖАСТАР – ЖАҢА ІСТЕР ЖАРШЫСЫ

Осындай тақырыппен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен студенттердің бос уақытын қызықты әрі тиімді өткізу, жастарды дене тәрбиесімен және спортпен тұрақты шұғылдануға шақыру мақсатында аудандық спартакиада болып өтті. Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы, аудан әкімдігінің жастар орталығы және облыстық студенттік құрылыс жасақтары штабының ұйытқы болуымен өткізілген спартакиадаға жастар орталығының қызметкерлері, жастар қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйым жетекшілері, мүшелері, студенттік құрылыс жасақтары, аудан жастары қатысты. Спорттың төрт түрінен, атап айтқанда, эстафета, кір тасын көтеру, арқан тарту және кіші футбол бойынша ұйымдастырылған аудандық жарыста «Шұғыла» командасы (аудандық жастар орталығы) бірінші орынды, «Қызыл жұлдыз» командасы (Қызыл жұлдыз ауылдық округі) екінші орынды, «Құрылыс жасағы» (Студенттік құрылыс жасағы) командасы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыс ұйымдастырушылары тағайындаған Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен ма-рапатталды.

 

Өз тілшіміз.

Фото: Н.Сүгірбеков

Обновлено 10.07.2013 16:07
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін12
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6029
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31596
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202326

Серіктестер