Онлайн газет



Суға түскенде сақтық керек

Шіліңгір шілдеде күн мен құмға қыздырынып салқын суға шомылудың денсаулыққа пайдасы зор. Жылдағы әдет бойынша  Талас өзенінің суына сүңгіп шыққысы келетіндер қатары күн санап өсуде. Әсіресе,  мектеп жасындағы балалар су айдынында шомылудың қауіпсіздігін сақтамағандықтан, соңы қайғылы оқиғаға ұласып жатады. 2017 жылы аудан аумағында суға кеткендердің 5-еуі кәмелет жасына жетпегендер болатын.
Шомылу денсаулықты нығайтады, ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартып, жүйке жүйесіне, қан тамырларға, тіпті кейбір тыныс алу жүйелеріне, буын ауруларына оң әсерін береді. Дегенмен, судың тілсіз жау екенін ұмытпаған абзал.
Аудан әкімдігі білім бөлімі жазғы шомылу маусымында қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында “ата-аналар чатына” Wһats App арқылы “суда жүзу ережелері мен суға жүзуді үйрету” туралы постерлер мен бейнероликтер жіберілді.
Сонымен қатар, барлық лагерьлерде “Қауіпсіздік бұрыштары” ұйымдастырылып, өрт, су және түрлі апатты жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы мәліметтер  ілінді. Оқушылар арасында “Қауіпсіздік ережелерін сақтай білеміз бе?”, “Суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралар” тақырыптарында дәрістер ұйымдастырылды. Оқушылар мен ата-аналарға “Суда жүзуде абай болыңыз” атты арнайы парақшалар таратылды.
“Жас Отан” жастар қанаты мен “Жастар ресурстық” орталығы және білім бөліміне қарасты мектептердегі ата-аналар қауымдастықтарымен бірлесе отырып, су тоғандары мен өзендері бар елдімекендер, атап айтқанда, Сарыкемер, Қостөбе, Талас, Қызыл жұлдыз, Аймантөбе, Түймекент, Жақаш, Қарасу ауылдарында “Суда жүзу ережелері” мен “Су қауіпсіздігі туралы” түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар үлестірілді.
Балалардың қайғылы жағдайларға ұшырауының негізгі себептерінің бірі – ата-аналардың перзенттеріне немқұрайлы қарауынан болып отыр. Өкінішке орай, су қоймаларында отбасымен демалу барысында  үлкендер  шомылып жүрген балаларға бақылау жасамайды. Осы ретте, тұрғындарға қандай жағдай болмасын, балаларды ересектерсіз өзенге, су қоймаларына жібермеңіздер деп ескерткіміз келеді. Ал, ата-аналар өз балаларын қауіп-қатерден қорғау үшін оларға  суда жүзуге арналған арнайы құрылғылармен қамтамасыз етуі тиіс. Суда жүзуді білмейтіндер әрдайым жанындағылардың қарауында болуы керек.
Бірінші кезекте тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылмауға, масаң күйінде суға түспеуге, қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеуге, жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден аспауға, жүзуге арналмаған заттарды пайдаланып жүзбеуге, техникалық және ескертетін белгілерге, қалтқыларға мінбеуге,балаларға ересектердің қарауынсыз суға түспеуге кеңес береміз.
Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің бақылауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Балнұр Қоянбаева,
аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1304
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3465
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20095
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271764

Серіктестер