Онлайн газет



Нақты жауап алды

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде филиал төрағасы, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев азаматтарды қабылдады.

«Нұр Отан» партиясының өзге партиялардан ерекшелігі – азаматтар үшін Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің болуында.
Партия төрағасы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен ашылған бұл қабылдау бөлмелері – тұрғындарға заң аясында кеңес беріліп, түрлі қабылдаулар өткізетін және де ойларын бөлісетін, бір сөзбен айтқанда, халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ашық алаң.
Қоғамдық қабылдау бөлмесі барлық мәселеге жанашырлықпен, қамқорлықпен қарайды.
Әдеттегідей төрағаға өз өтініштерін айтып, шағымдарына жауап алғысы келетіндер бұл жолы да аз болған жоқ.
Қабылдауға бірінші болып келген түймекенттік Шуақбай Бекниязов Қосақ ауылынан Сарыкемер мектеп-гимназиясына дейін баратын жолды асфальттау туралы мәселені көтерді.
Аудан басшысы жалпы аталған мəселемен таныс екендігін айта келе, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Қойлыбаевқа жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шара қолдануды тапсырды.
Сарыкемерлік Максут Уразбаев жеке тұрғын үй салуға жер телімі қашан берілетіндігін сұрай келіпті.
-2006 жылдан бері  №114-ші болып, жер теліміне кезекте тұрмын. Бірнеше отбасы бірге тұратын болғандықтан, үйім тарлау,-дейді қария.
Қарияның өтінішін тыңдаған Рахматілдә Сегізбайұлы аудан бойынша төрт мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінде тұрғандығын, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үш округте жер бөлініп, инфрақұрылым жүргізіліп жатқандығын, басқа да округтер бойынша шекараларын кеңейту жұмыстары қолға алынғандығын  түсіндірді.
Филиал төрағасы Ақжар және Жаңатұрмыс ауылдарынан тұрғын үй саламын десеңіз – қазір жер беріледі деп ұсыныс жасағанымен, қария Сарыкемер ауылынан жер телімін алғысы келетіндігін  айтты. Онда күтуге тура келеді,-деді Р. Рахманбердиев.
Қабылдауға келгендердің бірі - Бекен Сапаков Қосақ ауылында қоғамдық көлік жүргізуін сұранды.
Өтініш иесіне биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап, қоғамдық көлік қатынайтыны туралы ақпарат берілді.
Сарыкемер ауылының тұрғыны Гүлжан Бекмұхамедова биология пәні мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүргенін айтып, жәрдем беруін өтінді.
Аудан басшысы Рахматілдә Сегізбайұлы бүгінгі таңда, биология пәнінің мұғалімдеріне сұраныстың жоқтығын айта келе, аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шары Абдурасуловқа қандай мамандықтарға сұраныс артып отырғандығына зерделеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды. Өтініш иесіне бос жұмыс орындарына жарияланған конкурсты қадағалап отыру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнын бітірген соң жұмысқа орналаса алмаған жағдайда жұмыспен қамту орталығына  тіркеліп, «Жастар практикасы» бойынша  жұмысқа  тұру мүмкіндігі барлығын айтты.
Түймекент ауылының тұрғыны Женискуль Устаева 2000 жылы туылған баласы Болат Есенгелдиевке Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға жәрдем беруін сұранды. Аудандық партия филиалының төрағасы  аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон қызметі тобының аға инспекторы, полиция капитаны А.Джунисовке аталған мәселені заң аясында шешуді тапсырды.
Осы сияқты басқа да әлеуметтік мәселелермен келген тұрғындардың өтініштер қолданыстағы заңдар аясында қаралып, тиісінше көмек берілетін болды.

Гүлшахар Әбдіқұлова,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 26.07.2018 12:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2185
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада4346
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20976
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272645

Серіктестер