Онлайн газет



САЯСИ КЕҢЕСТІҢ БЮРО ОТЫРЫСЫНДА

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Рахматілдә Рахманбердиевтің төрағалығымен өткен аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюро отырысының күн тәртібіне үш мәселе шығарылды.

Алдымен отырыстың күн тәртібі мен жұмыс регламентін бекітілген соң, күн тәртібіндегі бірінші мәселеге қатысты аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Саяси кеңестің Бюро мүшесі Рабат Сәрсенов «Нұрлы жол» және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламалары аясында аудан аумағындағы құрылыс нысандарына жүргізілген рейд барысымен таныстырды.
Рабат Полатұлы аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссия мен филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері бірлесе жүргізген рейд барысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Байзақ ауылында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысының жұмысы кестеге сәйкес, еш ауытқушылықсыз жүргізіліп жатқанын, мердігер мекеме басшысы мен аталған мектеп директоры құрылыс басында болып, тұрақты бақылап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, құрылыс алаңындағы жұмысшылардың жалақыларын өз уақытында алуы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 3 бағыты бойынша 2 адам жолдамамен қамтылғаны, 10 адамнан тұратын студенттер құрылыс жасағының жұмыс жасауы, құрылысқа мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы назардан тыс қалмаған. Рейд қорытындысы бойынша аудан әкімдігі сәулет,  қалақұрылысы және құрылыс бөліміне «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыстарда жобалау-сметалық құжаттарынан ауытқушылық болмауын тұрақты қадағалап отыру және «Корпорация Азия құрылыс» ЖШС-не құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес, сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде пайдалануға беру, нысандағы қауіпсіздік шараларын сақтау, мектептің 2-ші блогы 2-ші қабатындағы бөлменің ішінде орналастырылған жылу радиаторларының сирек қойылуына байланысты жылу радиаторларын көбейту ұсынылған. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Мырзатай ауылының 15 гектар, Жетібай ауылының 10 гектар, Қостөбе ауылының 20 гектар алқаптарына инфрақұрылым жобаларының жүргізілуі туралы ақпарат берілді. Осы мәселеге қатысты аудан әкімдігі сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Төлеген Бибосынов пен Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Еркін Заурбеков қосымша баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова хабарлама жасап,  Партиялық бақылау комиссиясының  2018 жылдың екінші тоқсанында өткен отырысында бұрынғы Көктал орта мектебінің директоры, партия мүшесі Э.Шолпанқұлованың партиялық жауапкершілігі қаралғанын айтты.
Отырыстың күн тәртібіне шығарылған үшінші мәселе - «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау бойынша 2018  жылдың екінші жартыжылдығына арналған медиа-жоспары бекітілді. Бюро отырысына қатысушылар күн тәртібіндегі әрбір мәселеге байланысты қаулы қабылдады.
Саяси кеңестің Бюро отырысына партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы, аудандық партия филиалы Партиялық бақылау комиссиясы, аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, бірқатар мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 26.07.2018 12:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін205
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2366
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18996
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270665

Серіктестер