Онлайн газет



АЙТАРЫ БАР, АЙҚЫН ГАЗЕТ

Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, газет-журналдарды, кітаптарды жинап, оларды оқуға машықтандым. 1958 жылдан бастап бұрынғы «Колхоз жолы», «Колхозный путь» қазіргі «Ауыл жаңалығы» газетімен байланысым орнап, 1959 жылы басылым бетінде «Белсенді жас тілші» тақырыбында мақалам жарияланды. Жарық көрген алғашқы мақалам бүгінгі күнге дейін өзімнің жеке архивімде сақтаулы тұр.
Биыл «Ауыл жаңалығы» газетінің жарық көргеніне 78 жыл толды. Осы жылдар ішінде басылым бетінде ақын-жазушы, драматург, «Парасат» орденінің иегері Арғынбай Бекбосынның алғашқы шығармалары  жарық көрді. Жергілікті басылымның  беделін биіктетуге  редакторлар Жапар Дидарбеков, Кеңес Рахметуллаев, Әлмахан Жұматаев,  әдеби бөлімнің  меңгерушісі болған, белгілі ақын Әбдірахман Асылбеков, жазушылар Әділ Дүйсенбеков, Доқтырхан Тұрлыбек, ақындар Асылхан Рахманов, Қайыпназар Шотбасов, қаламы қарымды қаламгерлер  Тұрсынхан Толқынбаев, жауапты хатшы Жолдыбай Исақов, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр, Айтқұл Мамытқұлұлы сүбелі үлес қосты. Штаттан тыс тілшілер Есіркеп Серікбайұлы, Сәбит Айтбаев, Күнтуған Ақназаров, Венера Тасбауованың да қолтаңбасы да бар.
«Ауыл жаңалығы» газеті - менің замандасым, сырласым, жансерігім. Басылым түбегейлі өзгерді. Жаңа форматқа көшкен газеттің әр нөмірінен ауданның  тыныс-тіршілігінен сыр шерткен мақалаларды құныға оқисың. Әр мақаланың көтерген жүгі салмақты. Әсіресе, ауданның 80 жылдығына арналған танымдық мақалалар, «Толғандырған тақырып» айдарымен жарық көрген материалдар маңыздылығымен дараланады.
Газет-журналдарға  екінші жартыжылдыққа жазылу аяқталды.  «Ауыл жаңалығы» газетіне  жазылу жыл бойы жүргізілетін болғандықтан,  тұрғындарды жергілікті басылымға жазылуға шақырамын. Өйткені газет оқырманымен құнды.

Ниязхан Бейсенов,
Штаттан тыс тілші.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1945
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада4106
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20736
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272405

Серіктестер