Онлайн газет



«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК»- ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК

Жанарын мұң, жүрегін шер толғаған тағдыр иелерінің жағдайын жасау - дені сау ұрпақтың міндеті. Онсыз да жүріп-тұруы мұңға айналған азаматтар әлеуметтік маңызы бар нысандарға кедергісіз кіріп-шыға алады ма? Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасының мақсаты кембағал жандардың жолындағы кедергіні жою.

Жуырда, аудан аумағында «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділікті қамтамасыз ету әлеуметтік нысандарында комиссия мүшелері рейд өткізді.
Аталмыш шара мүгедектігі бар адамдарға арналған инфрақұрылымдық нысандар қолжетімділігін мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлықтың қажеттілігіне байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында өткізілген болатын.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Рабат Сәрсенов бастаған нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуіне мониторинг жүргізетін арнайы жұмысшы тобы аудан орталығындағы елуден астам нысандарды аралап, мекемелер мен жеке кәсіпорындардың көлік тұрағында мүгедектерге арналған орынның болуын, ондағы пандустар бұрышын, қадамдардың биіктігі мен табалдырықтардың ендерін өлшеп, олардың талапқа сәйкес салынғандығына мән берді.
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын тексеру барысында топ мүшелері мүгедектерге қажетті жағдайлардың бәрі ескеріле бермегенін анықтады. Талап бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар қатынайтын мекемеге кірер есіктің ені кемінде 1,2 м болуы шарт. Ал, есіктің табалдырығы болған жағдайда оның биіктігі 2,5 см-ден аспауы тиіс. Баспалдақтың биіктігі 12-15 см болуы заңдылық.
Зерделеу жұмыстары барысында «шақыру» батырмаларының қызметі, әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүгедектердің көлігін қоятын тұрақтардың қарастырылуы да назарға алынды. Дегенмен, комиссия өкілдері кей нысан басшыларының кембағал жандарға кедергісіз орта қалыптастыру жағдайына қатысты кейбір мәліметтерді білмейтіндігін байқады. Мекеме басшылары мен кәсіпкерлер жағдайды түсініп, кеткен кемшіліктерді өзгертуге уәде берді. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бойынша жүргізілген рейдтік нәтижесінде ұсынымдар әзірленді.
«Кедергісіз келешек» мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша партиялық жобасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын көтеруді мақсат етуде. Жұмыс тобы аудан орталығындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап, түсінік жұмыстарын жүргізіп, нормативтік көрсеткіштер құжаттарын  үлестірді.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 26.07.2018 12:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін192
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2353
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18983
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270652

Серіктестер