Онлайн газет



Азаматтық институттың рөлі айрықша

Бүгінгі қоғам – ашық қоғам. Тұрғындардың сенімі, азаматтардың ақпараттар мен мемлекеттік қызметтерге деген қолжетімділігі ашық әрі жария түрде жүреді. Әрине қоғамның қозғаушы күші – мемлекеттің саясаты болғандықтан, етене жұмыс, сенімділікке ие болу басты қағидамыз болып қала береді. Бұл мақсатта Мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар институтының алар орны ерекше. Біздің департамент пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы арасында 2013 жылы меморандум қабылданған болатын. Бұл биліктегі партия өкілдерімен етене жұмыс жүргізуіміздің, халық сенімін арттырудың тетігіне айналып үлгерді. Олай дейтініміз, осы аралықтағы бірлескен жұмыс жоспарының нәтижесі соған жетелейді. Бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясының өкілдері байқаушы ретінде бірнеше конкурсқа қатысты. Атап айтқанда, 2014 жылы – 39 конкурсқа, 2015 жылы – 33 конкурсқа, 2016 жылы – 76 конкурсқа, 2017 жылы-80 конкурсқа қатысты. Бақылаушы ретінде қатысқан азаматтар қатарының артуы қоғам ашықтығының кепілдігін көрсетсе керек.

Жалпы мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар институтын іске асыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – қоғамдық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тетігі. Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері міндеттерін іске асыру барысында ашықтық қағидасын ұдайы ұстануда. Осы ұстанымның шеңберінде облыс бойынша департамент қоғамдық ұйымдармен, азаматтық институттармен бірлескен іс-шаралар, меморандумдарды қабылдап, жұмысын атқарып келеді. Осыған орай өзара ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандум жоғарыда айтып кеткендей, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы арасында жасалды. Дегенмен бүгінгі уақыттың талабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына деген қоғамдық көзқарастың, қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты, оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тиімді мемлекеттік басқару мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нығайту жөніндегі 8 және 9-бағыттарды жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық меморандумын жаңадан жасауға негіз болып отыр. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – бірлескен іс-қимылдарды нығайта отырып, «Қоғамдық бақылау картасы» және «Жасырын тұтынушы» жобалары аясында оның жаңа форматтарын енгізу нәтижесінде қоғамдық бақылау арқылы мемлекеттік органдардың тиімділігін нығайтуға салмақты үлес қосу. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту бойынша бірлескен іс-қимылдар бұған дейін жауапкершілікке тартылған, оның ішінде мемлекеттік қызметтен теріс себептермен шығарылған партия мүшесі болып табылатын қызметшілердің партиялық жауапкершілігін қарастыру үшін тұрақты ақпарат алмасып отырады. Бұл ақпараттардың дерек көздері жарияланып, ақпараттар беріліп тұрады. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия мүшелігіне қатысу біз үшін де тиімді. Осы мақсаттағы жұмыстарды жандандыру, облыс аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды бақылауда 2016 жылы – 2 отырыс, 2017 жылы 4 отырыс пен бірнеше рейдтік іс-шаралар өтті. Ал ағымдағы жылдың 6 айына – 2 отырыс және 1 рейдтік іс-шара жоспарланған. Сонымен қатар департамент жанынан құрылған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қызметіне «Нұр Отан» партиясының өкілдері де тартылған. Бұл жұмыс тобы облыс аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды бақылауда былтыр 14 отырыс, биылғы жарты жылда 2 отырыс өткізіп, саралады. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сауалдарымен, талап-өтініштерімен қабылдау жүргізу тұрақты дәстүрге айналған. Департамент жыл басынан бері мұнда 3 қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін қанағаттандырды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудағы үздік мемлекеттік орган облыстық бірлескен байқауын өткізу барысында да азаматтық институт өкілдерін тарту жақсы жолға қойылды. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік орган қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға мемлекеттік қызметшілерді тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді жұмысты ынталандыруға ҮЕҰ өкілдерінің бақылаушы ретінде қатысуы – қоғам ашықтығының айнасы. Сондықтан алдағы жұмыс жоспарына сәйкес «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалымен бірлескен іс-шаралары өз жалғасын табады.

Мақсұт НӘЛІБАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл
облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін226
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2387
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19017
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270686

Серіктестер