Онлайн газет



Ел жүрегі-астана

Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі. ХХ ғасырдың соңында  дүниежүзінің картасы  тәуелсіз Қазақстанның айбынды қаласымен толықты.
Тәуелсіздіктің 27 жылында Қазақстан әлемдік қауымдастықта танылған мемлекетке, Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқықты мүшесіне айналды.

Ширек ғасырда Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамудың өзекті мәселелерін шешу жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, татулық пен бірліктің мекеніне айналды.
Тұғыры  мығым, мәртебесі биік Қазақстан тәуелсіздік жылдары көптеген халықаралық ұйымның белді мүшесі, жаһандық бейбіт бастамалардың ұйытқысы болды.
Тәуелсіздіктің тірегіне айналған Астана - ел мақтанышына, жастардың арман қаласына айналды. 20 жылдың ішінде Елордамыз экономикалық жағынан қуатты, әлеуеті зор, қарқынды дамып келе жатқан бас шаһарға айналып үлгерді.
Астананы көшіру туралы алғаш рет 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңестің сессиясында өз ойын ортаға салған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев оны жоспарлы түрде іс жүзіне асыра білді.
1995 жылы 15 қыркүйекте Мемлекет басшысы астананы Ақмолаға көшіру, 1997 жылы 10 қазанда «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы», ал, 1998 жылдың 6 мамырында Ақмоланы Астана деп қайта атау туралы Жарлықтарға қол қойды.
Міне, содан бері ел жүрегі – Астана болашаққа сенім ұялатар, жаңа жобаларға, асқақ армандарға жол ашатын жарқын қала.
Мұнда маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер жөнінде халықаралық кездесулер, дәстүрлі және әлем діндерінің жиналыстары ең жоғары деңгейде өтеді.
Елбасы Астананың әлемнің ең дамыған 30 астаналарының қатарына кіру міндетін қойды. Қазірдің өзінде осы  мақсатқа қол жеткізу  үшін жұмыстар қолға алынуда.
Елбасының туындысы Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың табыстарының символы.
Сәні мен салтанаты келіскен заманауи Астанамыз күннен күнге көркейіп, жаһанға тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатуда. Шығыс пен Батысты байланыстырған елордада өткен жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі табысты өтіп, еліміздің даңқын одан ары асырды.
Астана әр күн сайын өзiнiң бейнесiн өзгертуде, барлық әлемнiң алдында гүлденiп, дамуда. Өз Астанасын мақтаныш етпейтін жан баласы болмайды. Өйткені, әр азаматтың тыныс – тіршілігі, ұрпақ жалғастығы сол орталықтан тарап жататын мемлекеттік маңызды жобаға байланысты. Сондықтан да, Астана белгілі  бір халықтың, оның мемлекетінің тынымсыз соғып тұрған жүрегі тәрізді.
Астана – қазақстандықтардың іске асқан арман-мақсаты, Еуразия жүрегіндегі жарқын жұлдыз, Елбасының табанды еңбегінің арқасында республикамыздың саяси-әкімшілік орталығы болуымен қатар, мемлекет үшін маңызы мол шешімдер қабылданатын дүниежүзіндегі әсем де әдемі қалалардың бірі.
Сондықтан Астанада армандар жүзеге асады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін жас буын  мұнда  білім алып,  шаңырақ көтеріп, ел игілігі жолында  еңбек етуде.

Мәрзия  Еркебұланова,
Байзақ ауданының архивінің директоры.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін419
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2580
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19210
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270879

Серіктестер