Онлайн газет



БІЛІМ - БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҚ

Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек деген болатын  Елбасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылы жарияланған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыбындағы мақаласында.

Елбасы өз мақаласында бүгінге дейін елімізде саяси реформа, экономикалық даму мен өркендеу мәселесі жолға қойылғанын, ендігі уақытта солардың негізгі ұстанымы – рух мәселесін көтеру керектігін айтады. Бүкіл ел болып бетбұрыс жасап жатқан жаңғыруға білім саласының қосар үлесі сүбелі.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни, болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды деп көшбасшымыз дөп басып айтты.
В.Г.Белинскидің: «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» - деген сөзі бар. Себебі , ұстаз болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және тереңде, жан – жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Қоғамымызда қай кезде де авангардтық роль атқарып келе жатқан мұғалімдерді биылғы оқу жылы заманауи ағымының өзгерістерінен тысқары қалдыра алмады. Өйткені, барлық мектептерде орта білім мазмұнын жаңартылған білім бағдарламаларымен оқыту қолға алынды. Стандарт бойынша мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі болып тарих пәні саналады. Тарих пәні ұрпақ бойына рух қалыптастырушы күшке ие. Осы негізде Отаншылдық, туған жерін сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу ұлтымызға тән қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіруде және тарихи сана қалыптастыруда тарих пәнінің рөлі айрықша. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде оқытылатын пән бағдарламасының өзіндік ұтымды жақтарының бірі тарихи сананы қалыптастыру және Елбасы меңзеп отырған бәсекеге қабілетті болуға талпыныстар  мектеп табалдырығында  жүзеге асырылуында. Бәсекелік қабілет қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Бәсекеге қабілеттілікке оқушыларды дайындау тек тарих емес барлық пәндерде және жас ерекшеліктеріне сәйкес барлық деңгейлерде жүзеге асырылады.
Қазақстан  тарихы  пәнін оқыту тарихи концептілер арқылы ұйымдастырылады. Дәлел, өзгеріс  пен сабақтастық, себеп пен салдар, ұқсастық пен айырмашылық, маңыздылық  және интерпретация жасау оқушыларға болған тарихи оқиғалардан сабақ алуға, талдай отырып  жаңаша ойлануға мүмкіндіктер беріледі. Тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды, деп Елбасының Рухани жаңғыруы мақаласында көрсеткен түйінді ойы осы тарихи концептілерді талдауда өскелең ұрпақ бойында болашақ өміріне қажетті жігерлілікті қалыптастырады. Әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да,  білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі делінген Президентіміздің дер кезінде айтылған ойын әр ұстаз ой елегінен өткізуі тиіс.

Шары АБДУРАСУЛОВ,
аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1259
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада3420
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20050
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2271719

Серіктестер