Онлайн газет



Ұлтаралық және дінаралық тұрақтылық-тәуелсіздік кепілі

«Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр», - деп Елбасы Н. Назарбаев айтқандай, тәуелсіз елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық салтанат құрған.

Ата Заңымызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен  бостандықтары» деп жазылған. Сондай-ақ, өз азаматтарының заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстанымына кепілдік береді.
Тәуелсіз елімізде сенімі мен көзқарасы әр алуан сан ұлт  пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Елбасы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын ұсынды. Сөйтіп, 1995 жылдың 1 наурызында Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.
Мемлекет басшысы Ассамблеяның бірінші сессиясында жасаған тарихи баяндамасында: «Мен елімнің Президенті ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзімнің басты міндетім деп санаймын. Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді, тек қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді. Мен кең байтақ жерімізде татулық пен тыныштық болғанын тілеймін...” деген болатын.
Қазіргі таңда елімізде тұрақтылық пен бейбітшілікті, этносаралық келісім мен татулықты сақталуына Қазақстан халық Ассамблеясы үлкен үлес қосуда. Елбасының бастамасымен елімізде үш жыл сайын жетекші дін өкілдерінің съезі өтіп келеді. Нәтижесінде Қазақстан дінаралық үнқатысу орталығы ретінде әлемге танылды.
Төрткүл әлем Елбасының этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісін әлем назарына алып, оны тынбай зерттеуде. Қазақстандық үлгі Біріккен Ұлттар Ұйымында, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып, оң бағаға ие болды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы 56 мемлекеттің тіліне аударылды.
Ұлтаралық және дінаралық  тұрақтылық - тәуелсіздік кепілі. Көп ұлтты тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан егеменді еліміз өзінің даму кезеңінде көптеген ұлттардың Отанына айналды.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде көршілес мемлекеттерге қарағанда саяси, экономикалық жағынан қарқынды дамып, әлемдік деңгейде өзін танытқан еліміздің жетістіктері ұлтаралық татулық пен толеранттылықтың, осы бағыттағы Елбасы мен мемлекеттің жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында болып отыр. Әлемде ұлтаралық қақтығыстар мен діни түсініспеушіліктер белең алған тұста бейбіт қатар өмір сүрудің озық үлгісін көрсетіп келе жатқан қазақстандық толеранттылықтың жарқын үлгісін көптеген мемлекеттер мен діни конфессиялар да мойындап отыр.
Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін  қызмет ету,  Отан мен отбасына, ел мен жеріне деген сүйіспеншілікті жас өскін бойына қалыптастырудың маңызы арта түсуде. Сондықтан бұл бағытта ұйымдастырылып жатқан әртүрлі шаралар жемісін беруде.

Нұржан  Қарақұлов,
аудандық ішкі істер бөлімі крименальды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін287
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2448
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19078
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270747

Серіктестер