Онлайн газет



Ұлттық құндылыққа құрмет

Ұлттық домбыра күніне орай, аудан әкімдігіне қарасты қоғамдық келісім кеңесінің ұйытқы болуымен «Домбыра – ұлттық аспап» тақырыбында  дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырыл-ды.

Ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыратын  отырысты аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова ашып, Ел Президенті шілденің бірінші жексенбісін - «Ұлттық домбыра күні» деп атап өту туралы Жарлығына сәйкес, аудан орталығы мен ауылдық округтерде іс-шаралар ұйымдас-тырылып, осы күні дүние есігін ашқан сәбилерге  ұлттық аспап - Домбыра табыс етілетіндігін айтты.
Ұлттық аспабымыз адам жанын тебіренте алатын  қасиеті барлығын, күй өнері қазақ халқының рухани байлығының бір түрі екендігін әңгімеледі. Аудандық орталық кітапхананың кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Раушан  Куздеубаева «Домбыраның шығу тарихы» тақырыбында  мазмұнды баяндама жасады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемал Беспаев «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп жырлаған ақын Қадыр Мырзалиевтің өлеңіне сүйене отырып, халқымыздың қасиетті аспабы әр үйдің төрінде ілініп тұратындығын  әңгімеледі.Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев тәуелсіздіктің арқасында еліміз әлемге танылып отырғандығын атап өтті. Ол үшін білім ошақтары жанынан қосымша домбыра үйірмелерін ашып, оған жас өскіндерді көбірек тарту жұмыстарын қолға алу қажеттігін жеткізді.
Медиатор Серік Балабеков  Ұлттық домбыра күні ұлттық өнерді насихаттап жүргендерді  қолдаудың бір парасы екендігіне екпін салды.
Шараға қатысушыларға «Домбыра - асыл мұра» атты кітап көрмесі көрсетіліп, библиографиялық  шолу жасалынды.

Гүлшахар Әбдіқұлова,
«Ауыл жаңалығы».

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада7439
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда15080
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2266749

Серіктестер