Онлайн газет



Аспанда қыран, елде тілші көреген

Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт - насихат саласындағы қызметі жөнінде Ахмет Байтұрсынов:
“Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі.
Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды” дегені белгілі.

Кез келген басылымның тірегі - штаттан тыс тілшілер.
«Аспанда қыран, елде тілші көреген» демекші, газет жанашырлары, штаттан тыс тілшілер Есіркеп Серікбаев пен Әділхан Садуақасов, Айтмахан Тышқанбаев, Асан Әлмақашұлы, Ниязхан Бейсенов, Төленді Папиев, Мэлс Халбаев, Күнтуған Ақназаров, Сәбит Айтбаев, Қасқырбай Нарбатыр, Жанатбек Тұрғымбаев, Бақтыкүл Әбдібайқызы, Нұрбай Өміралиев, Венера Тасбауованы мақтан тұтамыз.
“Хаты  көп  газеттің – қанаты  көп, тілшісі көп газеттің тірегі мықты”. 1962-1975 жылдар аралығында аудандық “Ауыл жаңалығы” -”Сельская новь”газетінде радиохабарларын тарату бөлімінің меңгерушісі болып жемісті қызмет еткен, ауданның Құрметті азаматы Есіркеп Серікбаев еңбек адамының жеткен жетістіктерін насихаттауға шебер болса, үлгілілік Әділхан Садуақасов, мәдімарлық Асан Әлмақашұлы мен ақжарлық Айтмахан Тышқанбаев тарихи-танымдық мақалаларға қалам тартады. Сарыкемерлік Мэлс Халбаев пен шахандық Венера Тасбауова  имандылық пен адамды қадірлеу жағына мән берсе, түймекенттік Бақтыкүл Әбдібайқызы қоғамдағы кемшіліктерді түйреп жазуға бейім. Ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр, Күнтуған Ақназаров, Жанатбек Тұрғымбаевтың сыршыл өлеңдері газеттің беделін биіктетіп келеді. «Ауыл жаңалығы» газетінің таралымын көбейту жолында тер төгіп жүрген  сарыкемерлік Сәбит Айтбаев пен ақын Аманғазы Халықов, қолынан қаламы түспейтін  түймекенттік Ниязхан Бейсенов атамыз бен жаңатұрмыстық Нұрбай Өміралиевтің еңбекқорлығына тәнті боласың. Сарыкемерлік Төленді Папиев жақсы істерді жарқыратып көрсетуге құштарлықпен атсалысатын.
Басылымның бетіндегі жарияланған әрбір мақала мен суреттер ертеңгі тарих.Ақпарат тарату, жеткізу қай уақытта да өзінің өміршеңдігін жойған емес. Әсіресе, жаһандану дәуірінде оның маңыздылығы артып, газет-журнал, телеарна мен радио қатары бірнеше есеге өсіп, отандық БАҚ нарығында бәсеке өрістей түсті.
“Газет шығару оңай емес” деп, Алаш қайраткері Міржақып Дулатов айтқандай, газет шығарудың өзіне тән қиындықтары болғанымен, қалың оқырманға жедел әрі шынайы хабар таратумен қатар, мемлекеттік мүддеге қоғамды жұмылдыру, ұлт бірлігі мен татулығын нығайту, тәуелсіздікті тұғырлы ету сынды аса жауапты міндеттерді жергілікті бұқаралақ ақпарат құралдарының өкілдері мінсіз атқарып келеді.
Баспасөз және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында “Ауыл жаңалығы” - “Сельская новь” газетінің редакциясы ЖШС-нің Директоры Бауыржан Жақсымбетов және Бас редактор Гүлшахар Ермұратова қаламды серік еткен штаттан тыс тілшілерді төл мерекелерімен құттықтап, баспасөз саласындағы жемісті еңбектері үшін арнайы  Дипломдармен марапаттады.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін947
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада947
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16023
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267692

Серіктестер