Онлайн газет



Туған жер - алтын бесіК

Туған жер – адам өмірінде қасиетті орын саналады.

Осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Сол себепті балалық шақтан бастап-ақ Отанға деген махаббат сезімі оянады.
Патриоттық сезімнің қайнар көзі – Отан. Ол - туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпы ұлттық құндылықтармен толықтырылады.
«Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліңе, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, елін сүю, туған жерін қадірлеу, басқа ұлттардың қазақ халқына сый-құрметпен қарау, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін көркейтуге және оны қорғауға дайын болу деген сөз.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Қазақстанның жиырма жеті жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.
Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда.
«Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек» дейді белгілі жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласының «Туған жер» бағдарламасында  туған жерді өркендетуге үлес қосу қажеттігі айтылған.
Бұл бағытта ауданымызда ауқымды тірліктер қолға алынып, атқарылуда. Демек, әрбір азамат өзінің кіндік қаны қамған өлкесін абаттандыруға, келбетін көркейтуге үлес қосуға міндетті деп білеміз.

Жарқынай Қилыбаева,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін259
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада7694
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда15335
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267004

Серіктестер