Онлайн газет



Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

28 шілде  күні Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті.
«Бүркіт» мейрамханасына жиналған журналистика саласының үздік өкілдерін Жамбыл облысының  әкімі Асқар Мырзахметов құтықтап, журналистердің кәсіпқойлығы мен шеберлігіне, қоғамға қызмет ету барысындағы өзекті мәселелерді шешудегі ықпалы мен еселі еңбектеріне алғыс білдірді. Қаламгерлердің аймақ тіршілігіндегі азаматтық қоғамның ашықтығын қалыптастырудағы маңызды рөліне, мемлекеттік билік пен халық арасындағы алтын көпір арқауы екендігіне ерекше назар аударды. Одан соң белгілі жазушы, «Жамбыл» журналының бас редакторы Несіпбек Дәутайұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркімбек байланыс саласындағы мекеме басшылары, бас редакторлар және басқа да қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында қағаз бен қаламды қару қылған сала иелеріне ақ тілектер арналып, Алғыс хаттармен марапатталды. Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газеті Бас редакторының орынбасары Мұхтар Манекеев облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

 

 

Кәсіби мерекемен құттықтады

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында аудандық соттың ұжымы атынан сот төрағасының міндетін атқарушы Аңсарбек Назаркулов «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінің Бас редакторы Гүлшахар Ермұратованы құттықтап, құрмет көрсетті.
Аңсарбек Сатыбалдыұлы қолына қалам ұстаған қауым мемлекеттік саясатты жеткізу мен қоғамдық пікірді қалыптастыруда оларға жүктелген міндеттің маңыздылығын атап өтіп, жергілікті соттың жұмысын жан-жақты жариялап отырған журналистердің жұмысына ризашылығын білдірді.
*   *   *
Аудан прокуроры Бағлан Телеудің және ұжымның атынан прокурордың орынбасары Рахым Жампозов пен прокуратураның прокуроры Зухра Айтжанова «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газеті редакциясының ұжымын кәсіби мерекесімен  құттықтап, прокуратура органдарының жұмысын кеңінен насихаттағаны  үшін алғысын білдірді.

“Ауыл жаңалығы” ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін591
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада591
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40781
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248167

Серіктестер