Онлайн газет



Осы жұрт Есбол батырды біле ме екен?

«Тарих - адамзаттың, одан қала берсе әр халықтың өткен тәжірибесін жинақтап, соның жақсысынан үлгі, жаманынан сабақ алатын ұлы мектеп. Өмірге толқын-толқын болып келіп-кетіп жатқан ұрпақтардың бәрі сол мектептің шәкірттері.

Өйткені, өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірде-бір саласы жас ұрпақты тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды.
Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақты тарих тағылымымен тәрбиелеуге ерекше мән беруі қажет» деп Елбасы айтқандай, өңірімізде еліне қорған болған батырлар аз емес. Шырайлы Талас өзенінің жағасында дүниеге келген батырдың бірі – Есбол батыр Таңатұлы. Дулаттың бір баласы Есбол қалмақтармен соғысқан ержүрек батыр ретінде ел есінде қалған.
Батырдың әкесі Таңат та қарулы болған екен. Аң аулап жүріп, Талас өзенінің жағасын жайлаған жолбарыспен бетпе-бет алысып, жүрегін суырып алған дейді.
Анасы жолбарыстың жүрегіне жерік болып, оны жегендіктен  Есбол қорқуды білмеген.
Таңаттың ұлы Есбол жас кезінен батырлығымен, әділдігімен дараланған.Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда сауырына қол тигізбеген айғырды  құйрығынан ұстап, тырп еткізбегені, алып күш иесі болғаны, әлсіздердің сөзін сөйлеп, әділдіктің орнығуына күш салған екен. Соған қарамастан Есбол батырдың Байзақ датқамен үзеңгілес болғаны, олардың Қоқан хандығына қарсы шыққандығы туралы деректер бүгінгі таңда зерделенуде.
Осы өңірде дүниеге келген Қосы, Мәмбет, Сеңкібай,  Байзақ датқа, Ақмолда батырлардың ерліктері тарих бетіне алтын әріппен жазылған.
Қоқан хандығы билік құрған кезеңде елге көрсеткен қыспағына қарсы шыққан, елінің бостандығы мен азаттығы жолында күрескен Есбол батыр Таңатұлының ерлігі әділ бағасын алады деп ойлаймын. Елім деп еңіреген ердің есімі халық аузында аңыз-әңгіме мен ертегі-жырға айналып кеткен. Сондықтан кейінгі ұрпақ туған өңірінен шыққан тұғырлы батырларын жетік біліп, олардың ерліктерінен сусындап өссе нұр үстіне нұр болар еді.
Жылдар жылжып өтуде, ұрпақ алмасуда. Ерлігімен ел есінде қалған  оғландардың елі үшін жасаған жасампаз тірліктері мен ерліктері жас ұрпақты батырлыққа, Отанды сүюге тәрбиелейтін болады.

Сәбит Айтбаев,
Бәйтерек ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін598
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада598
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40788
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248174

Серіктестер