Онлайн газет



Дін және зайырлылық

Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, оның мемлекеттің – рухани тірегі болып қала беретіні және халқымыздың мәдени тарихи дамуын қалыптастырудағы алатын орны жоғары екендігі ақиқат.

Еліміз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаннан кейін өзінің заңды шекарасын, ұлттық заңын, төл валютасын қабылдау сияқты маңызды өзгерістермен бірге, дербес ішкі және сыртқы саясатын да жүргізуді қолға алған еді.
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы сәттерден ақ әлемнің өркениетті елдерінің басым көпшілігі ұстанатын демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет қалыптастыру жолын таңдады. Яғни, зайырлылық ұғымы «ар-ождан бостандығы» және «төзімділік», «толеранттылық» сынды ұғымдармен және түсініктермен тығыз байланысты. Зайырлылық ұғымы мемлекеттің дінге деген қатынасының демократиялық сипатта екендігін танытады.
Ата Заңымыздың 1-бабы, 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген.
Елбасы өзінің дәстүрлі халыққа Жолдауында зайырлылық ұстанымын біздің елдің ең басты құндылығы ретінде бағалайды.
Жалпы мемлекеттің зайырлылығы - ішкі тұрақтылық пен өркендеудің кепілі саналады.
Сондықтан, зайырлылық ұстанымы мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасын реттейтін ең басты тетік, қоғам тұрақтылығы үшін де ең басты құндылық.
Зайырлылық ұстанымы мемлекеттің  баяндылығына қызмет ететін, мемлекет құрушыларының құқықтарының қорғалуы мен сақталуына, бақытты болуына жеткізетін ең басты шарт екендігін есте ұстайық.

Нүркен Унетаев,
аудан әкімдігі аппаратының бас инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін320
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1509
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40510
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247896

Серіктестер