Онлайн газет



МАҚҰЛБЕК АҚСАҚАЛДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ

Ауылдағы ағайын көкпар десе ішкен асын жерге қояды емес пе? Апта басында аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен Амангелді ауылында Қонақбаев Мақұлбекті  еске алуға арналған көкпар ойыны болып өтті.
Аудандағы ұлттық ат спортына қызығушылықты арттырып, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, дәстүрлі ат спортын көпшілік спортына айналдыру мақсатында өткен шараға аудан көлемінен жалпы саны екі жүзге тарта шабандоздан құралған сегіз команда қатысты.
Жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділхан Омаров спортсүйер қауымды жаздың аптап күндерін қызықты думанға айналдырып, көкпар тартысына тұлпарларын баптап келген балуандардың өнерін тамашалауға келген жұртшылыққа ризашылығын білдіріп, көкпаршыларды әділ де әдемі ойын өрнегін көрсетуге шақырып, ұлттық спорттың туын желбіреткен жігіттердің бұл ісі жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие құралы екенін атап өтті. Көкпар ойынын өткізуге ұйытқы болған Мақұлбек ақсақалдың ұл-қыздары да жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, көкпаршыларға сәттілік тіледі.
Көкпарда бас төреші командалардың тартысқа толы ойындарын қырағы көзімен бақылап, көкпаршылардың ережені бұзбай, тәртіп сақтауын қадағалады. Небір қызықты да тартысқа толы додада "Амангелді" командасы топ жарып, бірінші орын тұғырынан көрінді. Ал, жүлделі екінші орынды "Жаныс" және үшінші орынды "Түймекент" командалары өзара бөлісті. Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған марапаттарға ие болды.

Нұрболат СҰРАНШИЕВ,
"Ауыл жаңалығы".

Обновлено 02.07.2018 11:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін642
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада642
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40832
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248218

Серіктестер