Онлайн газет



Этносаралық бірлік - ел байлығы

Ел дамуының кепілі - бірлік, этносаралық татулық. “Бірлік - біздің барлық жеңістеріміздің алтын қайнары, ел қорғағанда күш - қуат берер асқақ айбары. Осыны әрдайым жадымызда ұстауымыз керек» деп, Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығында айтқан болатын.
Кез келген қуатты мемлекет құрудың басты тетігі - саяси тұрақтылық. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім-тәуелсіздігіміздің басты құндылығы болса, этносаралық бірлік - ел байлығы саналады. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы - еліміздің ары қарай дамуына, әлемдік дағдарысты жеңуге жетелейді.
Еліміз төрткүл дүниеге танылды. Өзіндік даму жолына түскен жас мемлекетімізде қыруар тірліктер атқарылды.Құтты қазақ жерінде 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
Байзақ өңірінде отыздан астам ұлт өкілдері бір атаның баласындай бақытты ғұмыр кешіп, ұрпақ өсіруде. Аудан аумағындағы орыс, неміс, кәріс және түрік этномәдени орталықтары ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етуде. Дағдарысты жеңетін де, тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа биіктерге жеткізетін де - біздің осы қоғамдық татулығымыз.
Елбасы айтқандай, “Бақыт та, байлық та, өмір де өз елімізде” екенін жадымыздан шығармай, Ұлт жоспары мен Елбасының маңызды құжаттарындағы міндеттерді жүзеге асырайық дегім келеді.

Мехия  Раджамов,
түрік этномәдени орталығының жетекшісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін398
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1587
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40588
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247974

Серіктестер