Онлайн газет



Құқықтық турнир

Байзақ аудандық сотында «Мемлекеттік қызметкерлер күні» мерекесіне орай, мемлекеттік қызметкерлер арасында құқық-тық турнир өткізілді.
Сөз кезегімен төраға міндетін атқарушы А.Назаркулов бұл турнирдің жарқын көрінісі  - мамандардың ұрпағы ерекше және креативті екендігін айтып өтті. Комиссия төрағасы әрбір командаға табысқа жетуді және жарқын жеңіс тіледі.
Кәсіби деңгейді көтеру, шығармашылық ойлау мен қатысушыларды интеллектуалды дамыту мақсатын көздеген аталмыш турнирге үш команда қатысты.
Байқау қатысушылары төрт аталым бойынша, атап айтқанда, таныстыру, орыс тілінде диктант жазу, сұрақ-жауап және «Нәтижелерге тиімді қол жеткізуге бағытталған сот жүйесін одан әрі дамыту» тақырыбында шығарма негізінде өткізілді.
Байқау кезінде әрбір команда жоғары эрудиция, кәсібилік, біліктілік, дарындылық және де заңнаманы білетіндерін көрсетті. Жарыстың нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.
Қазылар алқасы іс-шараның ұйымдастырылуына жоғары бағасын беріп, өз әсерлерімен бөлісті.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін669
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада669
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40859
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248245

Серіктестер