Онлайн газет



УАЙЫМСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ЖЫМИЫП ҚАРАҢЫЗ!

Үстіміздегі жылғы маусым айының басынан республика көлемінде "Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз!" ұранымен "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" акциясы ұйымдастырылғаны белгілі.

Аталмыш шара Сазтерек ауылдық округіндегі Абай атындағы орта мектебінде де кең көлемде жоспарға сай атап өтілді.
Бала еңбегінің, баланың ойына, адами қалыптасуына, денсаулығына, білім алуына әсер ететін кез-келген жұмыс болып табылатынын ұғындыру мақсатын көздеген шара барысында мектеп директоры Гүлшариат Асубаева ауылымызда бала еңбегін қанау деректерін болдырмау үшін жүргізіліп жатқан іс-шараның мақсаты мен міндетіне тоқталды. «Бала еңбегінің ең нашар түрлерін алдын алу» бойынша мектеп психологы Жанбота Молжигитова баяндама оқыды. Сонымен қатар, мектеп психологы Ж.Молжигитова, кітапханашы Г.Қаратаева, педагог-ұйымдастырушы Е.Рысбеков, лагерь жетекшісі Г.Ахметова, бейнелеу өнері және дене тәрбиесі пәндерінің мұғалімдері бірлесе отырып,  мектеп фойесіне бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда балаларға көмек көрсететін қызметтер "111" нөмірі туралы ақпарат орналастырып, бала еңбегін жою мәселесі жөніндегі әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар, акция аясында адам саудасын, балаларды жыныстық, еңбек қанауына  тартудың алдын алу бойынша оқушылар, ата-аналар және педагогика қауымдастығы арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Менің балалығым - базарлы шағым», «Мен бақытты баламын», «Балалар құқығы жөніндегі Конвенция – баланы қорғау», «Әнші болғым келеді», «Бала еңбегі тоқтатылсын!» тақырыптарында түрлі байқаулар, спорттық жарыстар, флэш-моб, интерактивтік сабақтар өткізілді. 
Мектеп инспекторы тарапынан «Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбында мектеп оқушыларына заңгерлік кеңестер берілді. Алдыңғы уақытта бала еңбегін қанауға қарсы алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

Шолпан ТАСБАУОВА,
Абай атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Обновлено 13.06.2018 11:00
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін448
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада448
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40638
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248024

Серіктестер