Онлайн газет



АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ СІЗДЕРГЕ!

Бүгінде басымыз ауырып, не денсаулығымыздың қандай да бір жерінің ауырғанын байқап қалсақ ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны өте зор. Олардың әр еңбегін бағалап отыру, оларға деген құрметімізді көрсетеді. Ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық.

Аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде түрлі аурулармен алыс та жақын, елдімекендерден түрлі ем қабылдап жүрген адамдар саны жетерлік. Ал, аталмыш бөлімнің ақ халатты абзал жандары адам өмірі үшін аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүргені бәрімізге белгілі. Олардың адал еңбегі мен жанашырлық көмегінің арқасында қаншама мұқтаж жандарға дер кезінде қол ұшын беріп, сырқаттарға көмектесуде.
Солардың бірі өзім екенін айта кетсем деп едім. Денсаулығыма байланысты осы бөлімде емделіп, толыққанды айығып шығуыма бірден бір себепкер болған бөлімнің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Бейсенкүл Болатқалиқызына шексіз алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, аудандық басылым арқылы осы бөлімнің аға медбикесі Нурбану Аликуловаға, егу бөлмесінің медбикесі Сауле Мадимароваға, шаруа бикесі Гулмира Ахметоваға, аспаз Ғазиза Оспановаға, бекет медбикелері: Сауле Джексенбаева,  Айгул Коныратбаева, Ақбота Бапаханова, Айжан Есимова, Айгул Қуандықова,  Рауия Абилезова, Алима Жумабаева, Баян Кенесарықызына, кіші медбикелер: Биғайша Укеева, Мадина Қалмаханова, Нурила Отыншиева,  Дана  Дүйсенова, Айнұр Омарбекова, Рымжан Бадаева, Арай  Қасымжанова, Жазира  Махамбеткуловаға ризашылық сезімімді жеткіземін.
Алғысым шексіз Сіздерге – адам жанының жанашыры ақ халатты абзал жандар. Міне, осындай бақытқа қол жеткізген біздің дәрігерлердің халық сеніміне селкеу түсірмес үшін аянбай еңбек етіп жүргенін бөле – жара атап өткім келеді.
Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

Сулеймен АХМЕТОВ,
Байзақ ауылының тұрғыны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін319
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1508
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40509
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247895

Серіктестер