Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС өзекті

Қазіргі кезеңде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларының бірі нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау тәрізді шаралар жатады. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, көпшіліктің соттарға және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілерін шеттету үшін ескерту-алдын алу жұмыстарын белсенді түрде өткізу қажет.
Бұл мақсатта, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жоспары әзірленіп, оған сай жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстар атқарылып жатыр. Басқарманың барлық қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етуде. Бұған қоса басқарманың қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы бағытта дөңгелек үстел отырыстары, құқықтық оқулар, семинар сабақтары және тағы да басқа іс-шаралар өткізілуде.
Алдағы уақытта бұл бағытта тиісті шаралар жалғасын табады.

Мурат КАЛИЕВ,
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін327
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1516
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40517
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247903

Серіктестер