Онлайн газет



ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ

Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз.

Біздің №1 мектеп-гимназиясы маусым айында «Балалық балғын шақ» тақырыбында ашылған «Балауса» жазғы демалыс лагері 1 маусым мен 21 маусым аралығында жұмыс жасауда. Жазғы демалыс орнының алғашқы кезеңі өте қызықты, есте қалатындай болып өтті. Мектеп-гимназия директоры Гульпаш Жаманова оқушыларды Халықаралық балаларды қорғау және де лагерьдің ашылуымен құттықтап, оқушылардың жазғы демалысты қызықты өткізулеріне, жақсы тынығуларына тілектестігін білдірді. Лагерьдің ашылу салтанатында сахнаның ерекше безендірілуі, ертегі кейіпкерлерінің қонаққа келуі, балалардың әсем әндерімен жалғасып, ата-аналардың көңілінен шықты.
Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары қамтылды. Лагерьге келген демалушыларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізді. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмады. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға бір мезгіл тамақ берілді. Лагерь демалушыларына түрлі ойындар ойнатылып, дойбы, шахмат жарыстары, тақырып бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрды. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салды. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсады. Жалпы әр күнге жоспарланған іс-шаралар «Рәміздер күні», «Ертегілер елінде», «Кітап - біздің досымыз», «Спорттық эстафеталық ойындар», «Лагерь аруы», «Кішкентай жұлдыздар» ән байқаулары, ағылшын тіліндегі үйірме жұмыстары, психологиялық тренингтер, таңертеңгілік жаттығуларға оқушылар белсене қатысты. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар лагерьдің қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосты.
Іс-шаралар кезінде шығармашылығымен, белсенділігімен ерекшеленген “Қарлығаш” тобынан К.Жұмахан, “Балдәурен” тобынан А.Надирбекова, “Болашақ” тобынан Ж.Мұрат есімді оқушылар Мақтау қағаздарымен марапатталды.

Хадиша УСМАНОВА,
«Балауса» жазғы демалыс лагерінің жетекшісі.

Обновлено 13.06.2018 10:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін510
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада510
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40700
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248086

Серіктестер