Онлайн газет



Өзара тәжірибе алмасты

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйытқы болуымен «Бейбітшілік және келісім керуені» атты тақырыпта өткен ауқымды шарада көптеген келелі мәселелер  талқыланды.
«Қайырымдылық керуені» ұлттық компаниясы аясындағы іс-шараларға сәйкес ұйымдастырылған аймақтық Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысына Байзақ, Жамбыл, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарынан келген делегациялар қатысты.

Сарыкемер мектеп-гимназиясының «Рухани жаңғыру» кабинетінде өткен отырысты Жамбыл облысы ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ш.Тілеумұрат кіріспе сөзбен ашқан соң,  «Байзақ ауданында дау-жанжалдар мен қақтығыстарды болдырмаудың алдын алуда қоғамдық келісім кеңесімен медиация кабинетінің бірлесіп жұмыс атқарудағы іс-тәжірибесі туралы»  медиатор С.Айтбаев баяндады. Баяндамашы медиацияның қоғамдағы алатын орнына тоқтала келе, Бәйтерек ауылдық округінде әлеуметтік мәселелерге байланысты туындаған мәселелерді шешуде қоғамдық келісім кеңесі, медиация кабинеті және  сот органдарымен  бірлесе атқарған жұмыстарын алға тартты. Астананың 20 және Байзақ ауданының 80 жылдығына орай қолға алынған тірліктерден ақпарат бере отырып, медиатор ретінде өзінің 2018 жылдың 6 айында  тұрмыстық дау-дамайларға қатысты 6 мәселенің оң шешілуіне ықпал еткендігін айтты. Бұдан соң  сөз алған Т.Рысқұлов ауданына қарасты «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорны жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы Т.Шаяхметова бірнеше этнос өкілдері жұмыс жасайтын кәсіпорында өзекті мәселелерді шешудегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рыспаев қоғамдық қабылдауларды ұйымдастыру барысында қол жеткізген жетістіктерін жайып салды. Алты елді мекен қарайтын Жамбыл ауылдық округінде 7,5 мың халық тұратындығын, кеңестің қоғамдық қабылдауында негізінен қыз бала тәрбиесі, жер, дін мәселесі, отбасы даулары қаралғандығын алға тартты. Жуалы ауданы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Дүрәлі  жергілікті атқарушы органдар тарапынан медиаторларға барынша қолдау көрсетіліп жатқандығын, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар үшін өңірде дүкен ашылып, аптаның жұмасында осы санаттағы азаматтарға азық-түлік өнімдері мен киім-кешектер тегін  берілетіндігін, кеңес жұмысына жастарды көбірек тарту қажеттігі туралы айтты. Осындай отырыстың маңыздылығын мен пайдалығын атап өтіп, барлық аудандарда өткізуді қолға алуға шақырды. Қоғамдық келісім кеңесі тарапынан атқарылған қайырымдылық жұмыстарынан мағлұмат берді.
Отырысты Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблея хатшылығының бас маманы Ұ.Бабақұлова қорыта келіп,  қоғамдық келісім кеңесі медиаторлармен қоян-қолтық жұмыс жасай отырып, жас буынды тарту қажет ететіндігін алға тартты.      
Сондай-ақ, бұл күні өткен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің аймақтық кеңейтілген отырысында кеңес төрайымы М.Миражапованың «Қоғамдық сананы жаңғыртуда адамгершілік-рухани тәрбие берудің тиімді механизмдері»,  облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Е.Аскенұлының «Әйелдер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары», облыс әкімдігі “Оңалту орталығының» инспекторы Л.Мырзашованың «Ұлттық идеология, ұлттық психология, ұлттық рух». Жат ағым өкілдерінен әлеуметтік желіде психологиялық қорғаныс тәсілдері» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды. Мұнда Байзақ аудандық ішкі істер бөлімі әйелдерді  зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы А.Әмірханова нәзікжандыларды зорлық-зомбылықтан қорғаудың жолдарын, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы ата-аналар комитетінің төрайымы М.Көштаева  Аналар кеңесі ата-аналармен бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін, Жамбыл ауданынан келген көп балалы ана Х.Жағипбаева жас буынды ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу жайын, жуалылық Металиева жастармен жұмысты күшейту керектігін, дінге деген сенімнің маңыздылығын сөз етіп, ой-пікірлерімен алмасты.
«Аға буын өкілдері-ел тұрақтылығының кепілі» тақырыбындағы алқалы жиында аталмыш аудандардан келген ардагерлер кеңесінің төрағалары, медиаторлар, сот органдарының өкілдері: атап айтқанда, Қазақстан халқы ассамблеясы  Медиация кабинетінің меңгерушісі В.Досыбиева, Байзақ аудандық сотының судьясы А.Назарқұлов, медиаторлар Ғ.Көшекбаева, С.Балабеков өңірде медиация институтын қолдану және дамыту, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықтың  деңгейін арттыру бойынша түсіндіру жұмысын жандандыру, аудандық медиация бөлмелерімен және қоғамдық келісімнің ауылдық кеңестерімен өзара әрекет ету, медиация қызметіндегі жаңа бағыттарды қолдану, жанжалды жағдайлар мен дауларды шешудегі медиацияның рөлі мен маңызы төңірегінде сөз сөйлеп, ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мақсатында  жастар және білімгерлер арасында «Мен-Қазақстан Республикасының азаматымын» патриоттық тәрбие сағатын  «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының кординаторы А.Дыбысалы жоғары деңгейде өткізе білді.
«Қайырымдылық керуенінің» шеңберінде мектеп оқушылары арасында Қазақстан халықтары ойындарынан спартакиада, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету бөлімінің басшысы С.Құрманқұлова  Бурыл ауылдық округінде тұратын әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін  бірнеше отбасына қайырымдылық көмегін көрсетті. Шара барысында күрді этномәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ассамблеяның іргетасын қалауға еңбек сіңірген А.Сулеймановқа Алғыс хат табысталды.
Ауданымызда ұйымдастырылған аймақтық Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысының соңы  концерттік бағдарламаға ұласты.

Гүлшахар Әбдіқұлова,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 11.06.2018 16:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін486
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада486
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40676
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248062

Серіктестер