Онлайн газет



Қазақстандағы 100 жаңа есім

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып саналды.

Елбасы мақалада: «Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл - тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары - кез келген статистикадан артық көрсеткіш», - деген еді. Расында да  «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты - тәуелсіз Қазақстанның дамуына зор үлес қосқан және өздерінің білімі мен еңбегінің арқасында табысқа жеткен, талантты, еңбекқор азаматтарды елге таныстыру болатын.
Елімізде қолға алынған жоба аясында қыруар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде Жамбыл облысынан С.Сейдәзімов, З.Габидуллина, А.Таңатаров, Б.Исламхан, Ғ.Арыстанбаев, Е.Бақтыгерей, Ә.Пошкаев, М.Саршаев сынды әр саланың майталмандары “Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енді. Айтулы тұлғалардың өмірі де, еңбегі де елге үлгі болғандықтан, жас ұрпақ оларға қарап бой түзейді деп сенемін.

Гүлнар Қосымова,
ауданның Құрметті азаматы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін576
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада576
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40766
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248152

Серіктестер